Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Қатерлі түйіршік-жасушалы ісік (Абрикосов ісігі)



Pdf көрінісі
бет257/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   832
Байланысты:
струков патан

Қатерлі түйіршік-жасушалы ісік (Абрикосов ісігі)
– миобластылардан 
дамитын қатерлі миома тектес ісік 
(қатерлі миобластома)
; өте сирек кездеседі. 
Оның құрамында да қатерлі рабдомиомадағыдай цитоплазмасы түйіршікті 
атипиялы жасушалар болады. 
Ангиосаркома
тамырлардың қатерлі ісігі; құрамында эндотелий мен 
перицит тектес атипиялы жасушалар мол 
(
121
-
сурет
).
Егер оның құрамында 
эндотелий басым болса, ісік 
қатерлі гемангиоэндотелиома
деп, ал 
перициттерден өнсе, 
қатерлі гемангиоперицитома
деп аталады. Бұл ісік 
метастаздарын ерте кезеңінде жаятын, өте қатерлі ісік. 
121-сурет. Ангиосаркома. 
Лимфангиосаркома
лимфаның созылмалы ағымды іркілуінің салдары 
ретінде дамып, эндотелийлік атипиялы жасушалар мен лимфалық 
саңылаулардан құрылады (
қатерлі лимфангиоэндотелиома
). 
Синовийлік саркома
(қатерлі синовиома)
ірі буындарда байқалады, оның 
құрылысы полиморфты: кейбіреуінде ашық түсті полиморфты жасушалар, 
жалған эпителийлік құрылымдар мен кисталар басым болса, енді бірінде, 
фибробласт тектес атипиялы жасушалар, коллаген талшықтары мен сіңір тәрізді 
құрылымдар көп. 
Қатерлі мезотелиома
– іш пердесінде дамиды, плевра мен үлпершекте 
сиректеу. Ол цитоплазмасы вакуольді ашық түсті ірі атипиялы жасушалардан 
түзіледі; құрамында тубулалық және бүрлі құрылымдар жиі кездеседі 
(
эпителийлік
мезотелиома
). 
Остеосаркома (остеогендік саркома)
– сүйектің қатерлі ісігі. Остеобласт 
тектес митозы атипиялы жасушалары мол остеогендік тін мен жетілмеген 
қарапайым сүйектен құрылады. Сүйектің түзілуі мен бұзылуының 
арақатынасына қарай, остеосаркома 
остеобластылық
және 
остеокластылық
нысандарға
бөлінеді. 
Хондросаркома
митозы атипиялы полиморфты жасушалар мен остеогендік 
тіннен, некрозды және жалқаяқты ошақтары бар хондроид тектес заттан 
құрылады; баяу өсіп, кеш метастазданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет