Ісіктер. Ісік алды аурулар. Қатерлі және



бет1/4
Дата04.11.2023
өлшемі1,84 Mb.
#121811
  1   2   3   4
Байланысты:
126022.pptx


ІСІКТЕР. Ісік алды аурулар.
Қатерлі және
қатерсіз ісіктер
Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз және қатерлі ісіктерінің ішінді ең жиі кездесетіні жатыр ісігі (80 % дейін). Сирегірек аналық без (15-16 %) сыртқы жыныс мүшелерінің және қынап (2-4 %) ісігі кездеседі.
Жатыр миомасы
Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктері ішінен ең жиі кездесетіні жатыр миомасы – бұл бірыңғай салалы бұлшықеттен дамитын ісік.
Ісіктің гармонға тәуелді екені анықталды. Жатыр миомасы бар науқас әйелдерде фолликулостилеулдеуші гормон секрециясы жоғарылаған, лютеинизирлеуші гормон синтезі төмендеген, менструальды циклдың сары дене фазасы қысқарған және гиперэстрогенемия байқалады. Қазіргі кездегі классификациясы бойынша жатыр миомасы сублеукозды, интрамурольды және субсерозды деп бөлінеді. Ісік түйіндері жатырды деформациялауы мүмкін, жақын жатқан мүшелермен (несепағар, қуық, кіші жамбас қан тамырлары) физиологиялық байланысын бұзады.
Клиникасы Жатыр миомасының клиникалық көрінісінде негізгі және ең ерте симптомы қан кету болып табылады.Гиперполименорея немесе метроррагия типті жатырдан қан кету науқас әйелдердің 40 – 45% кездеседі. Әрбір екінші қан кетуі бар науқас әйелдерде екіншілік постгеморрогиялық анемия анықталынады. 18 – 20% ауырсыну синдромы, 12 - 15% көмей ас залалдың функциясының бұзылуы анықталады. 30% жағдайда науқас әйелдер ешқандай шағым айтпайды, ісік тек профилактикалық тексеру кезінде ғана анықталады. Диагностикасы клиникалық көріністері мен арнайы гинекологиялық тексерулерге негізделеді. Сублукозды миоматозды түйінді анықтау үшін қосымша зерттеу әдістері қолданылады – гистеросальпингография және гистероскопия.
Емі Жатыр миомасының емі клиникалық көрінісінің айқындылығына, түйіндердің локализациясына, ісік көлеміне және науқас әйелдің жасына байланысты шұғыл операцияға көрсеткіш: түйіндердің қысылып қалуы, никрозы, субмукозды миоманың «тууы», екіншілік операцияның анық болумен жүретін шамадан тыс қан кетулер, миоманың инфицирленуі, зәр шығару мен нәжіс шығарудың айқын бұзылыстары, ісіктің қатерлі ісікке айналу күдігі.
Үлкен көлемді субмукозды орналасқан ісіктерде (жүктіліктің 14-15 аптасы және одан жоғары) әрқашанда оперативті ем тағайындалады. Ал көлемі кіші субсерозды және интромуральды орналасқан ісіктерде, клиникасы айқын болмаған жағдайда күту тактикасы (кварталына 1 рет қаралу) қолданылады. Себебі менопауза кезінде ісіктің өсуі тоқтайды да кері дамуы жүреді. Жатыр миомасы кезіндегі консервативті ем кең таралмаған. Андрогенмен емдеу айқын нәтиже бермейді, ал сәулелі кострация қазіргі кезде қолданылмайды. Болжамы жағымды.
Жатыр мойын эрозиясы
Жатыр мойны эрозиясы (орыс.: эрозия шейки матки) — жатыр мойнының шырышты қабықшасының тұтастығының бұзылуы немесе шырышты қабат ұлпаларының зақымдалуынан пай болатын кішігірім жаралар (эрозиялар). Бұл ауру әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық аурулардың бірі болып саналады. Жатыр мойны дегеніміз қынап пен жатырды жалғап тұратын, қоймалжың сұйықтыққа толы, цилиндрлік пішіндегі қуыс. Жатыр мойны эрозиясының екі түрі бар: шынайы (эндоцервикоз) және жалпы эрозиялар (эктопия, псевдоэрозия). Шынайы этозия сирек кездеседі, ол жатыр немесе қынапта вирусты немесе бактериалы инфекцияның пайда болуынан, механикалық немесе химиялық бұзылыстардан (зақымдалудан) туындайды. Тексеру кезінде ол жатырдың сыртқы бетінде қызарып, жара секілді болып көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет