Нуржігіт Алтынбеков
37
Агранулалы эндоплазмалық тордың өзгерістері.
Тегіс эндоплазмалық
торда оның әртүрлі әрекетіне сәйкес морфологиялық өзгерістер орын алады.
Олардың ішінде ең маңыздысы
гиперплазия және атрофия.
Гиперплазия
эндоплазамалық тордың мембраналарына және өзекшелері мен
басқа да жүйелеріне
қатысты болып, қарқыны мен мәні әртүрлі үдерістерді
бейнелейді (13-суретті қара). Бірде ол бірқатар заттар (белоктар, липидтер, дәрі-
дәрмектер) алмасуының жанданғанын көрсетсе, енді бірде жасушадағы
метаболизмдік
өнімдер дұрыс тасымалданбай, кеңіген өзекшелер мен
цистерналар торабына жиналып, табақша кешен кері дамығанын бейнелейді.
Тағы бірде, гиперлазия фермент тапшы болып (ферментпатия), бұл органоид өз
әрекетін
дұрыс
атқармағанда
байқалады.
Ферментпатиядан
немесе
метаболизмдік өнімдер дұрыс тасымалданбағанда
эндоплазмалық тордың
кеңіген цистерналарына белок пен су (гидропиялы дистрофия) немесе липидтер
мен липопротеидтер (майлы дистрофия) жиналады.
Тегіс эндоплазмалық тор әртүрлі у мен улы заттардың жедел немесе
созылмалы әсерінен, кейде белок жеткіліксіздігінен (белоктық ашаршылық)
семіп
(атрофия),
кейін
кері өзгеріске
(редукция) ұшырайды (14-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: