Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Плазмалы жасуша. Гранулалы эндоплазмалық тор көбейіп, оның цистерналары кеңіген



Pdf көрінісі
бет32/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   832
Байланысты:
струков патан

11-сурет. Плазмалы жасуша. Гранулалы эндоплазмалық тор көбейіп, оның цистерналары кеңіген, 
табақша кешендер де көп
. 13 500.
 
12-сурет. Плазмалы жасуша. Эндоплазмалық торына конденсацияланған белоктық секрет
. 13 500.
 
Түйіршікті эндоплазмалық тор кішірейгенде атрофия орын алып, жарық 
микроскопымен цитоплазманың базофилиялығы кеміп немесе жойылғаны 
анықталады, ал электрондық микроскоппен өзекшелердің мөлшері мен 
торлардың көлемі, рибосомалардың саны мен мөлшері азайғаны байқалады (13-
сурет). Бұл өзгерістер жасушада белоктар түзілуінің кемігендігінің (ашыққанда, 
бауыр аурулары, қартайғандағы белок тапшылығы) бейнесі.
13-сурет. Гепатоцит. Гранулалы эндоплазмалық торы семіп, агранулалысы көбейген
. 16 500.
 
Құрылымы тұрпайы
түйіршікті эндоплазмалық тор жасушаның толық 
жетілмегендігінің бейнесі; қатерлі ісік жасушаларында кездеседі.
Рибосомалар 
мен
полисомалардың дезагрегациясы (диссоциациясы) 

римбосома мен мембраналар арақатынасының бұзылуы. Бұл өзгерістер 
жетілмеген немесе ісіктік жасушалардың эндоплазмалық торы тұрпайыланып
рибосомадан полисома дұрыс қалыптаспағанда орын алады. Бірақ, оттегі 
жетпесе немесе организмде белок тапшы болғанда жетілген жасушалардың 
өзінде де тап осындай өзгерістер байқалады.
Аномальді рибосома-табақшалық кешендер

субжасушалық атипияның 
бейнесі. Олар қанжасам жүйесінің ісіктері, яғни гемобластоздарда кездеседі 
(
«Қан жүйесінің ісіктерін» 
қара). 


Нуржігіт Алтынбеков 
37
Агранулалы эндоплазмалық тордың өзгерістері.
Тегіс эндоплазмалық 
торда оның әртүрлі әрекетіне сәйкес морфологиялық өзгерістер орын алады. 
Олардың ішінде ең маңыздысы 

гиперплазия және атрофия.
Гиперплазия
эндоплазамалық тордың мембраналарына және өзекшелері мен 
басқа да жүйелеріне қатысты болып, қарқыны мен мәні әртүрлі үдерістерді 
бейнелейді (13-суретті қара). Бірде ол бірқатар заттар (белоктар, липидтер, дәрі-
дәрмектер) алмасуының жанданғанын көрсетсе, енді бірде жасушадағы 
метаболизмдік өнімдер дұрыс тасымалданбай, кеңіген өзекшелер мен 
цистерналар торабына жиналып, табақша кешен кері дамығанын бейнелейді. 
Тағы бірде, гиперлазия фермент тапшы болып (ферментпатия), бұл органоид өз 
әрекетін 
дұрыс 
атқармағанда 
байқалады. 
Ферментпатиядан 
немесе 
метаболизмдік өнімдер дұрыс тасымалданбағанда эндоплазмалық тордың 
кеңіген цистерналарына белок пен су (гидропиялы дистрофия) немесе липидтер 
мен липопротеидтер (майлы дистрофия) жиналады. 
Тегіс эндоплазмалық тор әртүрлі у мен улы заттардың жедел немесе 
созылмалы әсерінен, кейде белок жеткіліксіздігінен (белоктық ашаршылық) 
семіп
(атрофия), кейін 
кері өзгеріске
(редукция) ұшырайды (14-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет