Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет369/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   832
Байланысты:
струков патан

висцералдық бейнесі
әртүрлі. ЖҚН-мен 
сырқаттардың 1/3-нің жүрегінің барлық қабаттары (эндокард, миокард, 
перикард) зақымдалады. Науқастардың біразында 
бейбактериялық сүйелді 
эндокардит
дамиды. Ол эндокардит алғаш сипаттаған авторлардың есімдерімен 
Либман—Сакс эндокардиті деп аталады. 
Түрлі калибрлі 
қан тамырлары
, әсіресе микроциркуляциялық арна 
айтарлықтай зақымдалып, артериолит, капиллярит және венулит дамитыны 
бұрын айтылған-ды. 
Қолқа
қабырғасындағы ұсақ тамырлардың зақымдалуы 
салдарынан қолқаның ортаңғы қабатында эластолиз өрістеп, ұсақ тыртықтар 
қалыптасады. Васкулит әртүрлі мүшелердің паренхимасындағы дистрофия мен 
некроз сияқты салдарлық үдерістерге себеп болады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
307
Жиі зақымдалатын мүшенің бірі — 
бүйрек
. Әдетте, 
гломерулонефриттің
екі 
варианты байқалады: бірі — морфологиялық бейнесі осы ауруға тән — қызыл 
ноқталық нефрит, екіншісі — ондай ерекшелігі жоқ, морфологиялық бейнесі 
әдеттегідей гломерулонефрит 
(«Бүйрек ауруларын»
қара). 
Қызыл ноқталық 
нефритке
шалдыққан бүйрек ұлғайып 
(179-
сурет
)
, тарғылданады, тінінде 
қанды ошақтар болады. Бұл нефриттің микробейнесін ядролық патология 
(
гематоксилин
денешіктері
), шумақ капиллярларының мембраналары 
қалыңдап, «
сым тұзаққа
» ұқсаған шумақтар, 
гиалинді
тромбылар
, иммундық 
кешендер 
(180-
сурет

қосылған 
фибриноидық
некроз
ошақтары бейнелейді. 
Кейде қызыл ноқталық нефриттің салдарынан бүйрек бүрісіп, 
уремия
дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет