Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет366/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   832
Байланысты:
струков патан

Қолқа, жүрек, өкпе
сияқты ішкі мүшелер созылмалы қабынып, склероздық ошақтар қалыптасады, 
бүйректе көбіне 
амилоидоз
байқалады. 
ЖҮЙЕЛІК ҚЫЗЫЛ НОҚТА 
Жүйелік қызыл ноқта
(Либман—Сакс ауруы)
— айқын бейнелі 
аутоиммундану дамып, негізінен терінің, қан тамырлары мен бүйректің дәнекер 
тіні зақымдалатын, жедел және созылмалы сырқат. Жүйелік қызыл ноқта 
(ЖҚН) жас әйелдерге тән ауру; олар бұл кеселге ұшырағандардың 90

-ға 
жуығын қамтиды. Дегенмен, бұл ауру балалар мен егде әйелдерде де, кейде ер 
адамдарда да байқалады. 
Этиологиясы.
Қазір ЖҚН-нің вирустық этиологиясын дәлелдейтін деректер 
көп. Электрондық микроскоппен зерттегенде эндотелий жасушаларынан 
(175-
сурет
)
, лимфоциттер мен тромбоциттерден вирус тәрізді қосымша заттар 
табылған. ЖҚН-мен сырқаттардан және олардың туыстарынан үздіксіз дамитын 
вирустық инфекцияға тән лимфоцитті улағыш антиденелер және қосспиральді 


Нуржігіт Алтынбеков 
305
(вирустық) РНҚ-ға қарсы бағытталған антиденелер анықталған. Сондай-ақ, 
ЖҚН-мен сырқаттанған кезде қанайналымында қызылша, қызамық (краснуха) 
пен парагрипп вирустарына және парамиксовирустар тобына жататын РНҚ-лы 
басқа да вирустарға қарсы антиденелердің титрі жоғары болады. Дегенмен, 
ЖҚН кезіндегі вирустық инфекция жасушалық иммунитет тапшылығының 
салдары ретінде дамиды дейтін де көзқарас бар. Тұқымқуалайтын бейімділікке 
де зор мән беріліп жүр.
175-сурет. Жүйелік қызыл ноқта
. Бүйрек шумағы капиллярларының эндотелийіндегі вирустәрізді 
қосымшалар (бүйректің электрондық микроскоппен зерттелген биоптаты). 15 000.
 
Патогенезі.
Аурудың даму барысы жайлы түсінік вирустың әсерінен Т-
лимфоциттер зақымдалып, олардың имунитетті бақылау қабілеті нашарлайды, 
гуморальдық және жасушалық иммунитетті реттеу бұзылады дейтін пікірге 
негізделген. Клиника-лабораториялық және иммун-морфологиялық деректер 
ЖҚН-мен сырқаттардың организмі жасуша ядросының құрамдас бөліктерінің 
(ДНҚ-ның) әсерінен сенсибилизацияланатынын дәйектейді. Иммундық 
өзгерістердің басталуына вирустар ғана емес, күн сәулесінің де, 
тұқымқуалайтын факторлардың да әсері бар. Гуморальдық иммундық жауап 
ядро мен цитоплазманың компоненттеріне, эритроциттерге, лимфоциттер мен 
тромбоциттерге, әсіресе табиғи ДНҚ-ға бағытталған алуан түрлі антиденелердің 
қан плазмасына жиналуымен байланысты. Сол негізде қанда иммундық 
кешендер көбейіп, тіндерде қабыну үдерісі мен фибриноидты некроз өрістейді. 
Бұл үдерістер гиперсезімталдықтың баяу типін бейнелейтіні белгілі. 
Жасушалық иммундық жауаптың (гиерсезімталдықтың баяу типіндегі 
жауаптың) патогендік әсері тіндерді зақымдай отырып қалыптасқан 
лимфоциттер мен макрофагтар шоғырлары арқылы көрініс береді. Ем дұрыс 
қолданылса, ЖҚН баяу әрі қатерсіз ағымды сипат алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет