Нуржігіт Алтынбеков
395
Латентті кезеңде
бүйректің кескіні онша өзгермейді. Бірақ пирамидаларда
(үрпілерде) склероз, тік бағытты тамырлар мен жинағыш түтікшелердің өне
бойында амилоидоз байқалады. Шумақ капиллярларының мембранасы
қалыңдап, қоссұлбалы болады, электрондық микроскоп подоциттердің кіші
өсіндісі жойылғанын көрсетеді. Шумақ капиллярларының іргесі қалталанып,
аневризмалар қалыптасады. Өзекшелердің әсіресе бастапқы бөліміндегі
эпителийдің цитоплазмасында, саңылауында белок түйіршіктері көбейеді.
Интермедиалық аймақ пен пирамидалардың стромасына плазмалық белоктар
сіңеді.
Достарыңызбен бөлісу: