Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет486/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   832
БҮЙРЕК АМИЛОИДОЗЫ 
Бүйрек амилоидозы
— жалпы амилоидоздың нозологиялық және клиника-
морфологиялық ерекшеліктері өте айқын бейнелі болатын бір нысаны 
(
нефропатиялық амилоидоз
) («
Строма-тамырлық белокты дистрофияларды 
(диспротеиноздарды
» қара). 
Этиологиясы
. Нефропатиялық амилоидоз салдарлық АА-амилоидозға тән. 
Ал амилоидоздың бұл нысаны көбіне ревматоидтық артрит, туберкулез, 
бронхэктазды аурудың зардабы ретінде дамитыны, анда-санда ғана 
тұқымуалайтын, дәлірек айтсақ, периодтық ауруда орын алатыны белгілі. 
Сондықтан бүйрек амилоидозының басым көпшілігі «салдарлық ауру» десек те 
болады. 
Патогенезі
. Бүйрек амилоидозының даму механизмі АА-амилоидоздың даму 
заңдылықтарымен сабақтас («
Строма-тамырлық белокты дистрофияларды 
(диспротеиноздарды)»
қара). Өйткені, амилоидоздың бұл нысанында тек қана 
бүйректің зақымдалуының өзіндік себебі бар: жалпы амилоидоздың даму 
барысында қан сарысуындағы амилоидтық талшықтардың ізашары — SАА-ның 
мөлшері жүздеген есе көбейеді де, шумақ сүзгісінен өткен кезде оны 
мезангиоциттер амилоид талшықтарын құрастыруға жұмсайды. 
Патологиялық анатомиясы
. Бүйрек амилоидозы өзінің даму барысында 
латентті, протеинуриялық, нефроздық және азотемиялық (уремиялық) 
кезеңдерден өтеді. Бүйректің морфологиясы аурудың әр кезеңі мен даму 
барысына сәйкес өзгеріп отырады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
395
Латентті кезеңде
бүйректің кескіні онша өзгермейді. Бірақ пирамидаларда 
(үрпілерде) склероз, тік бағытты тамырлар мен жинағыш түтікшелердің өне 
бойында амилоидоз байқалады. Шумақ капиллярларының мембранасы 
қалыңдап, қоссұлбалы болады, электрондық микроскоп подоциттердің кіші 
өсіндісі жойылғанын көрсетеді. Шумақ капиллярларының іргесі қалталанып, 
аневризмалар қалыптасады. Өзекшелердің әсіресе бастапқы бөліміндегі 
эпителийдің цитоплазмасында, саңылауында белок түйіршіктері көбейеді. 
Интермедиалық аймақ пен пирамидалардың стромасына плазмалық белоктар 
сіңеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет