Нуржігіт Алтынбеков 597
Ісіктердің ІІ типіне қалыпты даму барысында ОЖЖ-да, симпатикалық
ганглийлерде және бүйрекүсті бездерінде қалып қойған эмбриондық тіндердің
камбийінен дамитын ісіктер жатады. Мысалы, жетілмеген осындай камбийлік
бастама мидағы эпендиманың астында 1 жасқа толмаған сәбиде сақталып, ол 1-
ге толғанша біртіндеп жойылады. Өсіп, толысу мүмкіндігі мол эмбриондық
жасушалар симпатогонийлер түзіп, бүйрекүсті безінің милық қабатында 10–11
жасқа дейін сақталады. ІІ типке жататын ісіктердің бір ерекшелігі – олар, әдетте
белгілі бір жас шамасындағы балаларда байқалады. Әйтсе де, бұл ісіктерді
гамартомалардан толық ажыратып алу мүмкін емес, сондықтан ісіктердің бұл
типін жеке топқа жіктеудің өзі де едәуір шартты. Дегенмен, ісіктердің ІІ типіне
медуллобластоманы, рентинобластоманы, нейробластоманы жатқызуға
болады.
Ісіктердің ІІІ типіне ересектер ісіктері типтес ісіктер жатады. Бұл ісіктердің
көбі мезенхимадан өнетіндіктен, балаларда, әдетте гемобластоздар, остеогендік
және жұмсақ тіндердің мезенхималық ісіктері кездеседі. Эпителийдің қатерсіз
ісіктері – папилломалар мен полиптер балаларда сиректеу ұшырасады.
Балаларда эпителийлік қатерлі ісік (рак, яғни карцинома) сирек дамып, әдетте
ішкі секреция бездері мен жыныстық мүшелерде ғана байқалады.
Дизонтогенездік ісіктер ТАМЫРЛАРДАН ТУЫНДАЙТЫН ГАМАРТОМАЛАР МЕН ГАМАРТОБЛАСТОМАЛАР Гемангиома –
қан
тамырларынан
өнетін
ісік.
Гемангиоманың
гемангиоэктазиядан айырмашылығы – жай кеңіген тамырлар, яғни
гемангиоэктазиялар баяу өссе, гемангиома тез өсіп, дербестік байқалтады.
Гемангиоманың балаларда байқалатын екі негізгі нысаны бар: капиллярлы
гемангиома және каверналы гемангиома.
Капиллярлы (гипертрофиялы) гемангиома («
Ісіктерді » қара) – капиллярлар
көбейгенде қалыптасатын гемартома; көкшіл немесе қызғылт түсті, ұсақ
бөлшекті түйіншек түзеді. Ол – балаларда ең жиі байқалатын қатерсіз ісік.
Гемангиоманың кейбіреуі, әсіресе емшектегі балаларда дамыған нысаны, тез
өседі. Кейде тума алып гемангиома қалыптасып, оның құрамына капиллярлы
және каверналы құрылымдар кіреді (326-сурет); тромбоцитпения дамып, қан
кетіп, науқас қансырап өледі (Казабах–Меррит синдромы). Капиллярлы
ангиомалардың көбі теріде, кейбіреуі бауыр мен басқа да мүшелерде дамып, өте
жылдам өседі. Кейбір гемангиоманың үсті ойылып, қабынып, емшектегі сәбиде
сепсис өрістетуі мүмкін. Капиллярлы гемангиоманың бір ерекшелігі –
инфильтрациялы өседі, сондықтан да ол алып тастағанмен жиі қайталанады
(рецидив). Бұл ісік еш уақытта метастаз жаймайды.