Нуржігіт Алтынбеков 595
Балалар ісіктері Ісіктердің өсуіне адамның жас шамасының да әсері бар, сондықтан балалар
ісіктерін ересектердің ісіктерімен салыстырсақ бірқатар ерекшеліктер
байқалады.
Бірінші ерекшелігі – олар көбінесе эмбрионның құрсақта даму кезеңінде
дұрыс қалыптаспаған мүшелері мен тіндерінен туындайды. Басқаша айтсақ,
балалар ісіктерінің басым көпшілігі даму барысы ұрықтық деңгейде тоқтап, өз
орнында жайғаспай қалған, яғни дистопиялы тіндерден өрбиді. Эмбриондық
тіндерден дамыған ісіктер –
дизонтогенездік (
тератоидтық ) ісіктер деп
аталады.
Тератома (грекше:
teratos – кемтар) – эмбрионның жетілмеген
жасушаларынан туындайтын ісік. Бұл ісік жыныстық бездер құрсақта түзілген
кезде қалыпты орнынан тайған (миграциясы бұзылған) жыныстық
жасушалардан дамиды. Морфогенезі ұрықтың қай даму кезеңінде бұзылса да,
тіндік бастама төңірегіндегі өскелең тіндермен байланысын жоғалтып, қалыпты
жағдайда тіндердің үйлесімді әрі бір қалыпты өсуін реттейтін гуморальдық
және рефлекторлық механизмдердің әсерінен айрылады. Сөйтіп, орнынан
тайған тіндік бастама реттегіш әсерден шеттеліп, едәуір дербестік байқалтады.
Бұл шынайы ісіктің қалыптаса бастауына негіз болатын сияқты.
Тератоидтық дизонтогенездік ісіктер ересектерде сирек кездесіп, балалар
ісіктерінің басым көбін құрайды.
Екінші ерекшелігі – қатерсіз ісіктер балаларда, ал қатерлі ісіктер ересектерде
жиі байқалатыны белгілі.
Қатерлі ісіктерден балаларда ең жиісі – терінің ісіктері, әсіресе ангиомалар
мен невустар.
Үшінші ерекшелігі – балаларда қатерлі ісіктер тобынан саркома жиі, ал
карцинома (рак) өте сирек; ересектерде, керісінше, карцинома өте жиі дамиды.
Балалық шақтағы саркомалардың ішінде лимфо- және остеосаркосмалардың
үлесі басым. Балалардың карциномасы көбіне сыртқы ортамен шектеспейтін
мүшелер мен қалқанша без, бүйрекүсті және жыныстық бездер сияқты
эндокриндік бездерде дамиды. Асқазан карциномасы жасы 10–11-лер
шамасындағы балаларда ғана және өте сирек ұшырасады. Бұл жағдайды
пайымдайтын пікір бойынша, плацентадан қан ағысына өткен канцерогенді
заттар ең алдымен мезенхимадан өрбитін тіндерге, яғни мүшелердің қан
тамырлары мен стромасына және эндокриндік бездерге, миға, ішкі мүшелерге
әсер етеді.