Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Өнеркәсіптік шаңдардың әсерінен дамитын кәсіптік



Pdf көрінісі
бет767/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   763   764   765   766   767   768   769   770   ...   832
Байланысты:
струков патан

Өнеркәсіптік шаңдардың әсерінен дамитын кәсіптік 
аурулар (пневмокониоздар) 
Пневмокониоздар
— (латынша: 
pneumon
— өкпе, 
konia
— шаң) шаңдардың 
әсерінен дамитын өкпе аурулары. «Пневмокониоз» деген аталымды 1867 ж. 
Ценкер ұсынған. 


Нуржігіт Алтынбеков 
605
Өнеркәсіптік шаңдар
деп өндірістік үдерісте түзілген қатты заттардың ауада 
азды-көпті уақыт қалықтай алатын, өте ұсақ бөлшектері аталады. 
Шаңдар бейорганикалық және органикалық топқа бөлінеді. 
Бейорганикалық
топқа 
кварц (құрамында 97—99%-дай кремнийдің еркін қос тотығы — SiO
2
болады),
силикат, металл шаңдары. Ал, 
органикалық
топқа өсімдіктер (ұн, ағаш, мақта, темекі, 
т.б.) мен жануарлық (жүн, тері, шаш, т.б.) шаңдар жатады. Көбінесе аралас шаңдар 
кездеседі. Мысалы, тас көмір шаңына кварц пен силикат араласуы, көмір кенінің 
шаңында темір мен кварц шаңы болуы мүмкін. Өнеркәсіптік шаңдар көлеміне қарай, 
көзге көрінетін (10 мкм астам), микроскоптық (көлденең ені 0,25-10 мкм) және 
ультрамикроскоптық (көлденеңі 0,25 мкм кем), яғни электрондық микроскоппен ғана 
көрінетін түрлерге жіктеледі. 
Бұлардың ішінде ең қауіптісі — мөлшері 5 мкм кем шаңдар, олар өкпеге 
терең жайылады. Шаңның пішіні мен консистенциясы және тіндегі сұйықтықта 
ерігіштігі де зор әсер етеді. Өткір қырлы тозаң тынысалу жолының кілегей 
қабықшасын жарақаттайды. Ал, жануарлар мен өсімдіктік шаңдар созылмалы 
ринит, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония туындатады. Шаң ерісе, 
тітіркендіргіш, улы әсерлі және тінге кеселді (гистопатогенді) химиялық 
қосындылар түзіліп, өкпеде талшықты дәнекер тін көбейеді (склероз), яғни 
пневмосклероз дамиды. 
Классификациясы
. Пневмокониоздар мына түрлерге жіктеледі: силикоз, 
силикатоздар, 
металкониоздар, 
карбокониоздар, 
аралас 
шаңдық 
пневмокониоздар мен органикалық шаң пневмокониоздары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   763   764   765   766   767   768   769   770   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет