Нуржігіт Алтынбеков
611
Микроскоппен
зерттегенде
өкпенің аралық
тінін шамалы склероз шарпып,
субмилиарлық
және
милиарлық
түйіншектер
түзілгенін көреміз (344-сурет).
Түйіншектерде темір шаңын сіңірген шаңды жасушалар көп болады (темірді
анықтауға арналған реакция болымды). Шаңды жасушалардың арасынан бірлі-
жарым коллаген талшықтары ұшырасады.
Лимфалық
түйіндерге
де шаң
жиналып, диффузды склероз едәуір өрістейді.
344-сурет. Өкпенің сидерозы:
а — субмилиарлық түйіншектер; б — милиарлық түйіншектер.
А
ЛЮМИНОЗ
Алюминиоз
(«алюминийлік өкпе») — алюминий буының және алюминий
металы мен оның қоспаларының әсерінен дамитын пневмокониоз.
Бұл металл алюминийлі қола, жез және ұшақтар құрылысы мен
дюраль өндірісінде,
түрлі бұйымдар мен ыдыс-аяқ, пиротехникалық және бояулық ұнтақтар даярлау үшін
қолданылады. Алюминийлі ашутастар мата өндірісінде пайдаланылады.
Ауыр әсерлі алюминиоз алюминийлі бояуларды бүркетін
және алюминийлі
пиротехникалық ұнтақтарды даярлайтын жұмысшыларда, алюминийді
бокситтен электролиз
тәсілімен ажыратқанда, жасанды аброзивтер өндірісінде
кездеседі. Кейбір кісілерде бұл ауру өте жедел дамып, алюминий өндірісінде 1-
2 жыл жұмыс істегеннің өзінде-ақ өкпесі ауыр зақымдалып үлгереді.
Достарыңызбен бөлісу: