Нуржігіт Алтынбеков
621
Екінші топ
тендовагинитті, стилоидитті, «білезіктік арнаның синдромы» мен
«саусақтың кілтетпелі синдромын»,
созылмалы артрит пен артрозды, омыртқа
жотасының әр жерінің остеохондрозын, тағы басқа да ауруларды қамтиды. Тым
қажудан дамитын кәсіптік аурулардың
үшінші тобы
–
аяқтың веналарының
буылтықтанып (варикозды) кеңеюі мен тромбылы флебиті.
Ал,
төртінші топты
созылмалы ларингит, дыбыстық сіңірлердің
түйіншектері («әншілер түйіншегі»), дыбыстық сіңірлердің жанаспа (контактілі)
ойық жаралары құрайды.
Биологиялық факторлардың әсерінен дамитын кәсіптік
аурулар
Бұл топқа себебі белгілі бір кәсіппен байланысты инфекциялық және
паразиттік аурулар жатады. Олар: туберкулез,
бруцеллез, тулеремия, сап
(маңқа), күйдіргі, кенелік энцефалит, орнитоз, токсоплазмоз, саңырауқұлақтық
аурулар, т.б.
(«Инфекциялық ауруларды»
қара).
Нуржігіт Алтынбеков
622
Тіс пен жақ жүйесінің және ауыз қуысы
мүшелерінің аурулары
Тіс пен жақ жүйесінде және ауыз қуысындағы мүшелерде дамитын аурулар
өте көп және алуан түрлі. Олар тұқымқуалайтын немесе тума болуы мүмкін,
бірақ көбінесе жүре пайда болады.
Классификациясы
. Бұл аурулар мына топтарға жіктеледі: 1)
тістің қатты
тіндерінің аурулары; 2) тістің пульпасы (ұлпасы) мен периапикалдық тіндерінің
аурулары; 3) қызылиек пен пародонттың аурулары; 4) жақсүйектерінің
аурулары; 5) сілекей бездерінің аурулары; 6) еріннің, тілдің,
ауыз қуысының
жұмсақ тіндерінің аурулары. Бұл тарауда тек жиі кездесетін аурулар ғана
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: