Нуржігіт Алтынбеков
81
анаболизмдік және катаболизмдік түрі болады.
Анаболизмдік ферритин
ішекте
сіңірілген
темірден, ал
катаболизмдік ферритин
ыдыраған эритроциттердің темірінен
түзіледі. Ферритиннің (апоферритин) антигендік әсері бар. Ферритин калий родониді
мен тұз қышқылының, немесе хлорлылау сутегі қышқылының әсерінен көгілдір берлин
аспаны тұнбасын түзеді (Перлс реакциясы). Ферритинді
арнайы антисарысуды
қолданып, иммунфлюоресцентік тәсілмен де анықтауға болады. Фирритин бауырда
(ферритин қоры), талақта, сүйек кемігі мен лимфалық түйіндерде көп болады. Өйткені
бұл мүшелер ферритиннің алмасуына және, гемосидериннің,
гемоглобин мен
цитохромдардың синтезіне қатынасады.
Патологияда
тіндер мен қандағы ферритиннің мөлшері көбейеді.
Гемосидероз
кезінде
тіндердегі ферритиннің мөлшері көбейіп, полимерленген
ферритиннен гемосидерин түзіледі. SH-ферритин адреналиннің антогинисі,
сондықтан ферретинемия
қосарланған шок қайтымсыз; өйткені қан
тамырларында коллапс дамиды.
Гемосидрин – ферритиннің полимері; гем ыдырағанда түзіледі. Ол – темірдің
жасушалық белоктармен, глюкозамингликандармен және майлармен қоспа
түзген
коллоидтық
гидрототығы.
Гемосидрин
түзетін
жасушалар
сидеробластылар
деп аталады. Олардың сидеросомасында гемосидрин
түйіршіктері түзіледі (37-сурет). Сидеробластылар
мезенхимадан немесе
эпителийден туындайды. Гемосидеринді, әдетте талақтың, бауырдың, сүйек
кемігі мен лимфалық түйіндердің ретикулалық
және эндотелийлік
жасушаларынан көруге болады. Оны жасушааралық заттағы
сидерофагтар
сіңіріп жояды (фагоцитоз).
Достарыңызбен бөлісу: