Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
57
7. БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ МЕН КАДРЛАР
САЯСАТЫ
7.1. Кадр саясатының негізгі принциптері мен ережелері
Отандық ғылымда "Басқару психологиясы"
термині алғаш
рет ХХ-ғасырдың 20-жылдары пайда болды.
Басқару психологиясы басқару ісіндегі психологиялық
заңдылықтарды зерттейтін психологияның бір саласы.
Басқару
психологиясының негізгі міндеті – басқару жүйесіндегі
жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқару
қызметінің психологиялық жағдайлары
мен ерекшеліктеріне
талдау жасау.
Кәсіптік білім беретін оқу орындарының басшысы
(директор) кәсіби біліктілігі
жоғары педагог болуымен қатар,
қарамағындағылармен кикілжіңсіз тіл табыса жұмыс істей
алатын психология ғылымымен қаруланған маман болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: