Наурызбаева Ш.Қ.
10
болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси
топтарға, ұлыстарға бөлінді.
Қазіргі заманғы менеджменттің
қалыптасу тарихы мен
дамуын ХХ-ғасырдың 50-жылдарынан бастап қараса болады.
Алғашқы қазақ инженер-менеджері, өңдірісті ұйымдастыру-
шысы Қ.И. Сәтбаев (1889-1964 жж.) болды. Ол бірінші болып
кеншілердің еңбек өнімділігі мен адамдардың еңбекке деген
уәждеме
мәселелерін,
жұмысшылардың,
кәсіподақтардың
кәсіпорындармен және Балқаш
пен Жезқазғанның тау-кен
байыту комбинаттарында еңбек үрдістерімен байланысты
сұрақтарын шешті. Оның басқару стиліне тән ең маңызды
ерекшелік, ол зерттелетін нақтылы материалдарды терең
ғылыми жүйелеу мен жалпылау болатын. Бұл жерде нағыз
білгірдің әдеттен тыс басқару ойы көрінеді [2].
Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына
көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д.А.
Қонаев (1912-1993 жж.) ерен үлес қосты. Ол
қырық жылдан аса
республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам
елдің бірінші басшысы болды. Д.А. Қонаев Қазақстан
экономикасын басқарған кезенде республика бұрынғы КСРО-
ның ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарына айналды. Мұнда елдегі
түсті металлургияның
негізгі базасы орналасты, ауқымды
жылу-энергетикалық кешен әрекет етті, мұнай өңдірудің үлкен
потенциалы болды.
Достарыңызбен бөлісу: