Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


Мақыш Қалтаев (1869-1916)



Pdf көрінісі
бет12/58
Дата21.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#109474
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
XX ғ.б. ӘДЕБИЕТ

 
Мақыш Қалтаев (1869-1916).
Ақмола маңында туып өскен. 
М.Қалтаев шығармаларында діншілдік сарын өте басым болып келеді. 
Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндейді. Дінді – адам 
жанының рухани тазаруы ретінде ұсынады. Кейде пәни дүниеден 
жақсылық таппай, бақидағы қызықты жырлау арқылы қайшылыққа 
ұрынатын тұстары бар. 1907 жылдан бастап шығармашылықпен 
айналысып, 1907-1913 жылдар арасында сегіз кітап шығарған. 
М.Қалтаев ХХ ғасырдың басында ең көп кітап жазған ақынның бірі 
болып табылады. 
М.Қалтаевтың “Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас еткен 
манзұмасы“ (1907) “Қазақтың айнасы (1910), “Біраз ғибрат сөз“ (1910), 
“Насихат қазахия“ (1911), “Бар оқиға“ (1912), “Тура жол“ (1912) атты 
жинақтарының тақырыптары ортақ, бір сөзбен айтқанда, қазақ жайы. 
Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған “Айна“, “Сақ-
сұқ“ өлеңдер жинағы бар. Бұл аудармаларда ақынның өзіндік 
қолтаңбасы айқын сезіліп тұрады.
Діни көзқарас жетегінде бола тұра, Мақыш – өз кезінде замана 
шындығын дұрыс пайымдай білген ақын. Оның жинақтарына енген 
өлеңдерінен (“Аплотондай адамдар кедей болып“ т.б.) қазақ 
қозғалысындағы әлеуметтік теңсіздікті көре алғанын айқын 
байқаймыз. Ақын дүние, тіршілікке өз көзқарасын білдіріп, 
өлеңдерінде өзіндік ой-пікір қорытуға өте шебер. Шығармаларында 
алланы шын сүю, Мұхаммедтің үмбеті болу тәрізді рухани тазарудың 
ұлы мақсаттарына жетелеумен қатар, ой астарында өмірдің 
қиындығына төзу, алланың бергеніне масаттанбау тәрізді адами асыл 


қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты басымдау жатады. М.Қалтаев 
өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген 
сүйіспеншілік ерекше шабытпен жырланады. 
Алғашқы шығармасы “Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас еткен 
мәнзұмасының” өзінде-ақ қазақ тұрмысына тән, содан туындайтын 
әлеуметтік мәселелерді өткір көтере білді. Діни уағыз айта отырып, 
өмір шындығынан алшақ кетпей, бақилық шындықтан фәнилік 
шындықтың болмысын ашады. Алланы адамға қуат берер рухани күш 
деп біліп, тіршілік тірегі іс-әрекет, ізденіс деп түсінеді. Діни-
пәлсапалық түйін-дері көбіне қарапайым қазақи ұғыммен астарлас 
болып келеді. Өз дәуіріндегі қазақ даласында қалыптасқан кейбір 
кертартпа әдет, теріс мінез-құлықтарды ашық түрде ащы сынайды. 
“Бар оқиға“, “Насихат“ жинақтарындағы өлеңдерінде пайдалы іске 
ұмтылу, еңбекқорлық сияқты жақсы қасиеттерді дәріптейді. Дінді 
арамдық істеріне бүркеу еткен екіжүзділікке қарсы болып (“Қаж 
хаhында“), дін тазалығы үшін күрес жүргізуге тырысады. “Өнерге 
тағлым үшін бала берді“, “Өнерге жабыспасақ іс бітпейді“, “Михнат 
босқа кетпес қиналсаңыз“ атты өлеңдерінде өнерді дәріптеу айқын 
көрініс 
табады. 
М.Қалтаев 
шығармашылығының 
басты 
тақырыптарының бірі – әйел теңсіздігі. “Сәбия қыз“ өлеңі – осының 
нақты мысалы. 
“Қазақтың айнасы“, “Біраз ғибрат сөз“ жинақтарының өлеңге 
қойылар талап тұрғысына сапасы өте жоғары. “Біраз ғибрат сөз“ 
жинағындағы мысал өлеңдерінің (“Есектің ойнауы“, “Аз үмітпен көп 
зарар берер“, “Бал құрты мен шыбын“, “Жақсылыққа жамандық“, 
“Пақырлық пен Байлық“ т.б.) тәрбиелік мәні зор. Мақыш – қазақ 
әдебиетіндегі мысал жанрын дамытушы, өркендетушілердің бірі. 
“Тура жол“ жинағында дүние, жан, рух туралы түсініктер діни ілім-
біліммен астасып жатыр. Ақынның қазақ тарихына көз жіберіп, хандар 
мен төрелердің озбыр іс-әрекеттерін ашар тарихи деректерді алға 
тартуы (“Қазақтың ханы болған төрелері“) – оның өткенге өзінше 
қарайтындығының белгісі. 


М.Қалтаев шығармашылығына тән басты ерекшелік адамдық, 
адамгершілік қасиеттерді ардақтап, жалпыға ортақ ілгершілікті 
қолдайтыны. Мақыш – өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін 
қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде 
жазуға бейім ақын. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, 
мазмұн байлығы көбіне уақыт тынысын тап басып, замана құбылысын 
дәл танып, өз өлеңдерінде күрделі ойларды арқау еткен пікірлер 
толғайтынынан көрініс табады. М.Қалтаев поэзиясында жалаң 
дидактиканың көрініс беріп қалатынын жасыруға болмайды. Ақынның 
тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы да бар. Өлең жолдары араб, 
парсы, татар тілдеріндегі сөздермен араласып кетіп, қазақ тіліне тән 
ұйқас, үндестік заңдары бұзылып отырады. 
Жалпы алғанда, М.Қалтаев – өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді 
қозғап, халықты оятуға күш салып, өнерғылымды насихаттап, 
ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқан ақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет