жаңашылдықпен байытып, көркемдік мәнін биіктетті. Олар өздерінің
эпикалық шығармаларында, лирикалық туындыларында халық
өмірін кеңінен суреттеп, жан-жақты ашып көрсетті.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихына арналған бұл
электронды оқу құралында өткен ғасырдағы ұлттық әдебиетіміздің
ұлы тұлғаларының шығармалары сөз болып, әдебиет дамуының
үлгісіне баланар көркемдік-эстетикалық сапасы жоғары туындылар
іріктеліп алынып, талданды.
Сонымен, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті барлық жанрда
жазылып, көркемдік-эстетикалық тұрғыдан жоғары деңгейде дамыған
әдебиет деп тануға лайық. Ол өзінің ұлттық сипатында гүлденген
және бүкіләлемдік мәдениеттен нәр алған қуатты әдебиетке айналды.
Достарыңызбен бөлісу: