Батыс тарих философиясыныњ негізгі

Pdf көрінісі
бет39/42
Дата21.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#109557
түріМонография
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

)
.
 
Қазіргі кездегі өркениет қоршаған ортаны, әлеуметтік сипаттағы 
тұрмыстық жағдайды қайтарымсыз түрде өзгертуде. Осы тұрғыда 
мәдениет көбінесе қоғамдық жаңару бастауы, шығармашылық өмірді 
қалыптастыру факторы ретінде көрініс табады. Мәдениетті адамның 
өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде қарастыру арқылы, ондағы тарих 
пен адамға айтарлықтай әсер ететін импульстарды анықтай аламыз. 
Әлемге жетудің эвристикалық құралы идеология, экономика немесе 
саясат емес, мәдениет болып табылады. Жер жүзінде өзіндік мәдениет 
нұсқасын қалытастырмаған халық жоқ. Өзін-өзі сезіну, өзіндік сананы 
түсіну мәдениетке әу бастан-ақ тән, ол адам болмысының өлшемсіздігі 
мен тереңдігін білдіреді.

247 

Төлтума мәдени типтің ділін айқындау үшін шығыстық, батыстық 
және 
қазақи 
дүниетанымдар 
мен 
дүниелік 
қатынастардың 
ерекшеліктерін кестелік тәсілмен келтірейік:
 
Шығыстық тип Батыстық тип 
Қазақы тип
Микрокосм
Макрокосм 
Жарық дүние 
Виртуалдық 
Рационалдық 
Адамгершілік 
Интросубъект 
Субъект-объект 
Субъект-объект 
Біртұтас дүние Өзгермелік дүние 
Адамдандырылатын
Психология
Технология 
Экология 
Мистика 
Ғылым 
Этика 
Тұйық қоғам 
Ашық қоғам 
Сұхбаттастық қоғам 
Өзін тану 
Табиғатты тану 
Адам болу 
Дін 
Философия 
Дәстүр 
Тағдыр 
Белсенділік 
Қарым-қатынас 
Идеализм 
Материализм 
Синкретизм 
Поэзия 
Проза 
Эпос 
Егіншілік 
Урбанистік 
Қауымдық

Әрине, бұл типтік белгілерді сол күйінде эмпирикадан іздеу қателік 
болар. Идеалды тип белгілі бір нәрселік саланың идеалдық көрінісін 
жалпылау жолында емес, ал сол саладағы мәнді ой тұрғысынан мұрат 
дәрежесіне көтеру арқылы қалыптастырылады. Тағы бір ескеретін 
нәрсе: бұл кестені еуразиялық мәдени типтің болашақ потенциалын 
көрсету мақсатында келтірдік, ал мүмкіндіктің шындыққа айналуы 
диалектикалық процесс.
Қазақстандағы батыстық мәдениеттің ықпалының артуы болашақ 
даму стратегиясын таңдау мәселесін жаңа қырымен қояды. 
Зерттеушілер осы мәселе бойынша қазір тек Ресей мен Қытайдың 
арасында тұрған Қазақстан емес, ал біздің еліміз үшін мұсылмандық 
және батыс христиандық өркениеттік үлгілердің арасалмағын 
айқындаудың маңызды екендігі жөнінде өз пікірлерін білдіреді.

248 
Қазақстан 
исламдық 
елдер 
қатарына 
жатады 
ма 
және 
вестернизацияға қарсы ислам туын көтеруге болады ма? Әрине, ел 
халқының 70 пайызынан артығы мұсылмандар құрастырғандықтан 
және төлтумалық мәдени ерекшеліктерден Қазақстанды ислам өркениеті 
аралығына жатқызуға негіз бар. Алайда, бұл жерде бірнеше нақтылы 
жағдайларды ескеру керек. Исламдық түсінік бойынша, мұсылман ұлты 
дегеніміз «умма» болып табылады және діни ортақ сезімді ұлттық 
төлтумалықтан жоғары қоюға болады. Осымен бүкіл қазақстандықтар 
келісе қояма екен? Оның үстіне Қазақстан республикасы діни емес,
зайырлы мемлекет болып табылады.
Мәдениеттің қазақстандық дағдарысынан өту, жергілікті халық – 
қазақ 
халқының 
ұлттық 
болмысы 
мен 
мәдени 
дамуының 
формацияларына негізделген, жаңа замандық талаптарға сәйкес 
мәдениет институттарының құрылымдарымен ошақтарын дамыту мен 
жетілдіру 
функцияларын 
анықтайтын, 
жан-жақты 
зерделенген 
тұғырнаманы жасау. Ол уақыттық-кеңістік ауқымында мөлшерленер 
болса – стратегиялық мақсат-мүдделер мен ағымдық ұстанымдар 
қатарлы бағдарлардан құралмақ: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет