173
ұсынысын арттыра алмайды, яғни ол өзінің бос уақытын бағалай
бастайды, демек адам бір тәулік бойы тоқтамай жұмыс істей алмайды
деген сөз. Осыны төмендегі суреттен көре аламыз.
9.3-сурет.
Еңбектің жеке ұсыныс қисығы
Осы суретке сәйкес, жалақы өскенде ұсыныс көлемі І нүктесіне
дейін ұлғаяды, бірақ қисық І нүктесінен өткеннен кейін жалақы одан
әрі артқанда теріс көлбеулі сипатқа ие болып өз бағытын өзгертеді.
Басты себебі, жалақы артқанда адам өзінің бос уақытын оны қосымша
жұмыс уақытына алмастыру арқылы құрбан етеді, яғни І нүктесіне
дейін алмастыру әсері орын алады. Әрі қарай, адам жалақының w
I
деңгейінде өзінің материалдық жағдайы жоғары деңгейіне жеткенде,
жалақының одан сайын өсуі оны қызықтырмайды және ол бос
уақытты бағалайды, яғни алмастыру әсерін табыс әсері басады
және ол І нүктесінен кейінгі жағдаймен сипатталады. Сөйтіп, біз
жалақының өсуінің басқапқыда еңбек ұсынысының артуына, содан
кейін төмендеуіне алып келетіндігіне осылайша көз жеткізе аламыз.
Енді, еңбектің сұраныс және ұсыныс қисықтарын біріктірсек,
онда біз еңбек нарығындағы жағдайды және ондағы тепе-теңдікті
талдай аламыз. Төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай, еңбекке
сұраныс қисығы мен еңбек ұсынысының қисығы Е нүктесінде
қиылысады. Осы нүктеге тепе-теңдік жалақының (w
E
) және еңбектің
тепе-теңдік көлемі (L
E
) сәйкес келеді, яғни еңбек нарығы тепе-теңдік
жағдайда болады. Тепе-теңдік Е нүктесі экономиканың
Достарыңызбен бөлісу: