177
жерде экономикалық субъектілер капиталдың белгілі бір тепе-теңдік
көлемін белгілі бір тепе-теңдік пайыз деңгейінде сатуға және сатып
келіседі. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
9.6-сурет.
Капитал нарығындағы тепе-теңдік
Пайыз мөлшерлемесі екіге бөлінеді:
1. Атаулы пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке
алмайтын банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыздың
шамасы.
2. Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке
алатын атаулы пайыз мөлшерлемесінің сатып алушылық
қабілеті. Ол атаулы пайыз мөлшерлемесі (i) мен алдағы мүмкін
болатын инфляция қарқыны (π) арасындағы айырмашылықты
білдіреді:
r = i – π,
мұнда, r – нақты пайыз мөлшерлемесі. Мысалы, инфляцияның
жылдық қарқыны 10%-ды құраса, банктің белгілеген атаулы пайыз
мөлшерлемесі 15% болса, онда оның нақты деңгейі 5%-ға тең.
Достарыңызбен бөлісу: