Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет217/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Оукен коэффициенті
деп аталады.
Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:
Y* – Y / Y* = γ (u – u
*
),
мұндағы, Y* – толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің 
әлеуетті көлемі; Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі; u – жұмыс-
сыздықтың нақты деңгейі; u
*
– жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; 
γ – Оукен коэффициенті. Осының нәтижесінде өндіріс көлемінің 
жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.
Жұмыссыздықтың қоғамға тигізетін экономикалық зардаптарынан 
басқа, оның әлеуметтік зияндары да бар. Олар жұмысшының өзіне 
жағымсыз түрде әсер етеді. Жұмыссыздықтың салдарынан адамдар-
дың біліктілігі жоғалады, жұмысқа жарамдылығы төмендейді, өзін-
өзі сыйлаудан қалады, адамгершілігі жоғалып, моральдік жағы нан 
күйзеліске ұшырайды, өзінің атақ-даңқы мен абыройынан айыры лады, 
отбасылық ажырасуларға алып келеді, табысы жоғалғандықтан ұрлау, 
тонау, қарақшылық жасау, өз-өзіне қол жұмсау сияқты қылмыстық 
әрекеттер де орын алады.
Сондықтан жұмысбастылықты және жұмыссыздық мәселесін 
мемлекеттік реттеу өте маңызды болып табылады. Жұмысбастылық 
пен жұмыссыздықты реттеу шаралары мыналарды қамтиды: 
жұмыссыздық бойынша сақтандыру, кадрларды даярлау және қайта 
даярлау, өнеркәсіпті субсидиялау, қоғамдық қажетті жұмыстарды 
ұйымдастыру (мысалы, инфрақұрылым салаларын жетілдіру, жол 
құрылысы, т.б.), еңбек қызметінің ұзақтылығын, жұмыс аптасын және 
жұмыс күнін реттеу.
Сонымен қатар жұмысбастылық мәселесі мемлекетпен ғана емес, 
нарық-пен де реттелуі мүмкін.
13.2. Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, 
әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Филлипс 
қисық сызығы. Инфляцияға қарсы саясат
Экономикалық құбылыс инфляцияның пайда болуын негізінен, 
қағаз ақшалардың шығуымен және оның қызметімен байланыс-
тырады. «Инфляция» термині латын тілінің «inflatio» сөзінен 


258
аударғанда «қампаю», «ісіну» деген мағынаны береді. Алғаш рет 
Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдары азамат соғысы кезінде 
пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі 
үдерісін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда 
қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі 
ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, 
кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдардың 
орта кезінде көрінді.
Инфляция
– бұл бағалардың жалпы деңгейінің өсуі нәтижесінде 
ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуі және оның 
құнсыздануын білдіретін көпфакторлы экономикалық құбылыс. 
Инфляцияға қарама-қарсы құбылысты, яғни бағалардың жалпы 
деңгейі мен шығындардың төмендеуін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет