Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет258/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Талқылау сұрақтары:
15.1. Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары;
15.2. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты;
15.3. Төлем балансы және валюта бағамы;
15.4. Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі;
15.5. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.
Негізгі ұғымдар: 
әлемдік нарық, халықаралық еңбек бөлінісі, 
абсолютті артықшылықтар, салыстырмалы артықшылықтар, Хекшер-
Олин дәлелдемесі, жаһандану, сыртқы сауда, экспорт, импорт, сыртқы 
сауда балансы, протекционизм, еркін сауда саясаты, төлем балансы, 
валюта бағамы, девальвация, ревальвация, 
15.1. Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары
Қазіргі әлемдік нарық өзіндік күрделенген жүйе ретінде ұлттық 
шаруашылықтар арасындағы қалыптасқан сауда-саттық қарым-
қатынастары-мен сипатталады. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер, 
жұмыс күші, капиталдың түрлері, технология, валюталар сатылуы 
және сатып алынуы мүмкін. 
Әлемдік нарықтың қалыптасуы мен дамуы: 
халықаралық еңбек 
бөлінісімен
(ХЭБ) тығыз байланысты. ХЭБ бірнеше факторлармен 
анықталады. Ол әлем елдерінің өндірістік шарттарының алуан 
түрлілігі жағдайында дамиды. Әлем елдерінің табиғи ресурстарға, 
капиталға, еңбек ресурстарына, технологияға және тағы басқаларына 
әртүрлі иелік етуі (мысалы, бір ел пайдалы қазбаларға өте бай, ал 
басқа бір елде олар мүлдем тапшы болуы мүмкін) олардың өндірістік 
мүмкіндіктерінің бірдей болмайтындығына алып келеді. Адамдар 
өнімнің барлық түрін өндіргісі келеді, бірақ бұл кейбір жағдайларда 
тиімсіз және мүмкін емес болып табылады.


306
Осындай мәселелерге бірінші болып классиктер 
Адам Смит
пен 
Давид Рикардо
көңіл бөлді. А.Смит: «кез келген өнімді кез келген 
елде өндіруге болады, бірақ олардың шығындары өте жоғары және 
сапасы төмен болуы мүмкін, сол себепті, елдер өндірісі арзанға түсетін 
тауарлар мен қызметтердің түріне маманданғаны дұрыс», деп жазды. 
Олай болса, қазіргі әлемдік нарық сыртқы сауданың тиімділігімен 
түсіндіріледі. Смитше, әлемдік сауданың тиімділігі қандай да бір 
елдің өндіріс шығындары деңгейінде басқа бір елге қарағанда 
абсолютті артықшылыққа ие болуынан көрініс табады. Осылайша, 
А.Смит 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет