333
ГЛОССАРИЙ
Абстракция
– экономикалық талдаудан іске қатысы жоқ
құбылыстарды және экономикалық емес жайттарды ескермеу.
Агрегаттау
– жекелеген бірліктерді немесе мәліметтерді біртұтас
көрсеткішке біріктіру. Мысалы, жекелеген тауарлар мен қызметтердің
барлық бағалары
бағалар деңгейі
болып жалпы бір көрсеткішке
бірігеді немесе өнімдердің барлық бірліктері нақты жалпы ішкі өнімге
агрегатталады.
Ағымдық операциялар есебі
– тауарлар мен қызметтердің
экспорты мен импорты, инвестициядан алынатын таза табыс және
трансферттік төлемдердің таза көлемі тіркелетін елдің төлем
балансының бір бөлімі.
Адам капиталына инвестиция салу
– кәсіпорынның өз
жұмысшылары-ның еңбек өнімділігін көтеру үшін (олардың
біліктілігін көтеру және қабілеттіліктерін дамыту жолымен)
жасайтын кез-келген іс-шаралары: жұмысшылардың білім деңгейін,
денсаулығын жақсарту шығындары.
Достарыңызбен бөлісу: