Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет286/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Импорттық квота
– белгілі бір уақыт аралығында елдің басқа 
елдерден келетін тауарлар көлеміне шектеу енгізуі.
Инвестициялар
– өндіріске, өндіріс құрал-жабдықтарын 
жинақтауға және материал қорларын көбейтуге кететін шығындар.
Инфляция
– экономикада бағалардың жалпы (орташа) деңгейінің 
көтерілуі.
Инфляциялық күтім
– жұмысшылардың, фирмалардың және 
тұтыну-шылардың болашақта бағалар маңызды түрде өседі деп 
пайымдауы.
Инфрақұрылым
– мемлекетпен қамтамасыз етілетін азамат-
тар мен фирмалардың қолданатын күрделі құрылыс түрлері 
(автомагистральдар, көпірлер, қалалық көлік жүйелері, сумен 
жабдықтаудың жергілікті жүйелері, әуежайлар, суды тазарту 
құрылғылары, т.б.).
Индукция
– жекелеген нақты мәліметтерден жалпы қорытын-
дыға келу.
Капитал
– өндірістік қызметтің нәтижесінде жасалған және 
тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолданылатын кез-келген 
ресурстар; инвестициялық тауарлар мен өндіріс құрал-жабдықтары 
түріндегі адамдардың қажеттіліктерін тікелей қанағаттандырмайтын 
тауарлар.
Капитал қозғалысының есебі
– капиталдың келуі мен кетуі 
тіркелетін елдің төлем балансының бір бөлімі.
Капитал сиымды тауар
– өндірісінде капиталдың салыстыр-малы 
түрде едәуір көлемі қолданылатын өнім.
Капиталдың келуі
– осы ел тұрғындарының қолындағы нақты 
және қаржылық капиталды иемденуі үшін басқа ел тұрғындарының 
жұмсайтын шығындарының сомасы.
Капиталдың кетуі
– капиталдың жоғары салық салудан, 
инфляциядан қашу үшін немесе оның инвестициялаудың ең тиімді 
жолдарын қамтамасыз ету мақсатында дамушы елдерден өнеркәсібі 
дамыған елдерге ағылуы.


341
Кәсіпкерлік қабілет
– адамның тауар өндіру үшін ресурстарды 
белгілі бір үйлесімділікпен қолдана алу, оңтайлы шешімдер қабылдау, 
өндіріске жаңалықтар енгізу және тәуекелге бару қабілеттілігі.
Кәсіподақ
– өз мүдделерін қорғау және еңбек жағдайларын 
жақсарту (жалақыны көтеру, жұмыс уақытын қысқарту, т.б.) үшін 
белгілі бір ұйымға біріккен жұмысшылар тобы.
Кәсіпорын
– тауарлар мен қызметтер өндірісінде (оларды 
дайындауда және өткізуде) бір немес бірнеше қызметтерді орын-
дайтын фирма қарамағындағы нақты мекеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет