Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


 Мына елдердің қайсысы қазіргі уақытта өз экономикасын



Pdf көрінісі
бет60/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

40. Мына елдердің қайсысы қазіргі уақытта өз экономикасын 
жоспарлы және әміршіл-әкімшіл тұрғыдан ұйымдастырады?
A) Монғолия B) Қырғыстан C) Венесуэлла
D) Сауд Арабиясы мен Кувейт E) АҚШ


68
4-т ақырып
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ 
АЛҒЫШАРТТАРЫ. ТАУАР-АҚША ҚАТЫНАСТАРЫ
Мақсаты:
қоғамдық шаруашылықтың негізгі белгілерінің пайда 
болуын зерттеу және тауар мен ақша ұғымдарына кеңірек тоқталу.
Талқылау сұрақтары:
4.1. Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және 
тауарлы шаруашылық;
4.2. Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі 
теориялары;
4.3. Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі 
теориялары.
Негізгі ұғымдар: 
қоғамдық шаруашылықтың нысаны,
 
натуралды 
шаруашылық, тауарлы шаруашылық, тауар, тауардың қасиеттері, 
тұтыну құны, айырбас құны, құн, құн заңы, еңбек сипатының екі 
жақтылығы, қоғамдық қажетті жұмыс уақыты, еңбек өнімділігі, ақша, 
ақшаның қызметтері, сандық ақша теориясы, т.б.
4.1. Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. 
Натуралды және тауарлы шаруашылық
Қоғамдық шаруашылықтың нысаны 
– адамдардың шаруашы-
лық қызметін ұйымдастырудың белгілі бір тәсілі.
Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің тарихи тұрғыдан қалыптас-
қан 2 әдісі бар: 
1) Натуралды шаруашылық
– қоғамның тек өз қажеттіліктері 
үшін ғана қажетті өнімдердің жиынтығын өндірумен айналысатын 
тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың негізгі сипатты 
белгілері:
- экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;
- әмбебап қол еңбегіне негізделген өндірістің орын алуы;
- қоғамдық еңбек бөлінісінің жоқ болуы;
- өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық 
байланыстардың орын алуы;
- еңбек өнімдерінің айырбасқа түспеуі.
Натуралды шаруашылықтың иемденушілік және ұдайы өндіру-
ші лік болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет