Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Сұраныстың баға бойынша икемділігінің бес түрі бар



Pdf көрінісі
бет82/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Сұраныстың баға бойынша икемділігінің бес түрі бар:
1)
Икемді сұраныс
– бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс 
көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің 
мәні 1-ден жоғары болады, Е
P
D
>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға 
қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 
2)
Икемсіз сұраныс
- бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс 
көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің 


94
мәні 1-ден төмен болады, Е
P
D
<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға 
қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 
3)
Бірлік икемді сұраныс
– бағаның және сұраныс көлемінің бір 
пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 
1-ге тең болады, Е
P
D
=1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс 
көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді). 
4)
Абсолютті (өте) икемді сұраныс
– бағаның өте аз өзгеруіне 
немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін 
көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, 
E
P
D
=
∞. 
5)
Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс
– бағаның өзгеруі сұраныс 
көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз 
өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең 
болады, E
P
D
=
0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін 
икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды.
2. Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі
– бір 
тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол 
тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға 
(Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін 
коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен 
беріледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет