Горизонталь бетте кекжиекке эр түрлі бұрыш жасай оқ атқанда оның ұшу қашықтығы мына формуламен орнектеледі:
Бұл формуладан оқтың 0°-тан 90°-қа дейін ұшу бұрышын өзгерткенде оның ұшу қашықтығы әуелі кейбір мәнге дейін артады да, сосын нөлге дейін кемитіні көрінеді. Түсу қашықгығы соsa мен sіпa көбейтіндісінің үлкен мәнінде максимал болады.
Бұл жұмыста осы тәуелділікті 1 суретте кескінделген баллистикалық пистолеттің көмегімен жасалынатын тәжірибе арқылы тексеруге болады.
Пистолет бұрыш өлшеуіші 3 бар, қапсырма шегеге бекітілген өстің бойында шыбығы (стержень) бар ширатылған (спираль) серіппеден 1 тұрады. Пистолет орнатылғаннан және серіппе сығылғаннан кейін өзекше шарик түсіріледі. Егер сақинаны қозғасақ шарик босатылып, серіппенің әсерінен өзекшенің ішінен лақтырылынады.
Әр түрлі бұрышпен лақтырылған шариктің ұшып шығу жылдамдығының модулін барлық тәжірибелер үшін бірдей етіп алу керек.
Үстелдегі шариктің түсер жеріне жапсырғыш лентаның екі тілімімен қағаз жолағын бекіту керек, ал үстіне көшірме қағазының бетін қойамыз. Шарик құлаған кезде қағаз бетінде жақсы көрінетін із қалады