А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет61/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Символ арқылы талдау
кӛбіне лирикалық, эпикалық шығармаларға 
ыңғайлы. Кӛркем шығармада символдың ӛзіндік рӛлі бар. Символ – суреткер 
сомдаған кермек туындының түп негізін танытатын аса мәнді бірлігінен, 
ұқсастығынан туындайтын деректі бейне.
Символдың табиғаты мағынасын 
ашып, түсінуді қажет етеді. Символ астарлы мағынаға бай болғандықтан әр 
оқушы ӛзінің ұғым-түсінігінің дәрежесіне сай тереңдеп түсініп, ӛз 
мүмкіндігіне лайық қажетті мәнді табуға талаптанады. Әуелде символ әлемді 
бейнелеп, тану үшін қолданылған. Кӛркем шығармада символдың мәні 
ерекше. Мәселен. С.Сейфуллиннің «Сыр сандығы», Абайдың «Жартасы», 
Мағжанның «Толқыны» т.б. символдық талдау барысында ғана терең 
астарымен танылып, мағыналық мәнін кеңейте, айқындала түседі. 
1
Педагогикалық ізденіс. –Алматы, Рауан, 1990. Б 219-220.
2
Әуезов М. Абай жолы. Шығармаларының толық жинағы 3 том.–Алматы,: Жазушы, 
1986 –15 б. 


116 
Шығарма табиғатын еркін ашып, терең үңілуге мүмкіндік беретін 
талдаудың бір түрі — 
герменевтикалық талдау.
Кӛркем шығармаға 
герменевтикалық талдау оқырманды таным түсінік жағынан байытатын 
талдау түрі десе болады. «Герменевтика — (от греч. hermeneutikos — 
разъясняющий, растолковывающий) — направление в философии, основной 
проблемой которого является проблема понимания. В педагогике 
герменевтика начинает использоваться как принцип научного исследования,
требующий более осмысленного и глубокого понимания сущности 
воспитательного взаимодействия и разработки технологий обучения. В 
образовании одним из основных способов постижения истины является 
обучение пониманию»
1
Бұл берілген анықтамадан кӛрінетіндей герменевтика 
педагогикалық процесте кеңінен қолданылатын бір әдіс деп танысақ, оны 
әдістемелік мақсатта да еркін қолдануға мүмкіндік мол екен. Герменев-
тикалық талдауда кӛркем шығарманы тудырған дәуірді терең түсінуге, 
кӛркем дүниені тудырған тұлғаның болмысын тануға, шығармадағы ойдың 
терең астарына бойлауға, тереңнен қазып әр құбылыстың ерекшелігін тануға, 
әр қолданыстағы сӛздің астарына үңілуге мүмкіндік туады. Герменевтикалық 
талдау жүргізуге ауыз әдебиеті үлгілерін, ежелгі дәуір әдебиеті ӛкілдерінің 
шығармаларын, хандық дәуір әдебиетінен жыраулар толғауларын, жекелеген 
ақын-жазушылардың шығармаларын нысан қылып алуға болады.
Мысалы, Қазтуған жыраудың «Мадақ жырында» метафоралық
қолданыста келген күрделі ұғымдар кӛп.
 
«...Ұстаса қашағанның ұзын құрығы, 
Қалайылаған қасты орданың сырығы... 
Буыршынның бұта шайнар азуы, 
Бидайықтың кӛл жайқаған жалғызы...». «Қашағанның ұзын құрығы» 
деген қолданысқа қарағанда қашаған жылқыны ұстайтын құрықтың ұзын 
болатыны бір аңғарылса, сол қашаған құрыққа балап тұрған тұлғаның
«қашағанды», яғни, ел ішіндегі бас бұзарларды немесе жауды тырп еткізбес 
бір қыры танылады. «Қалайылаған қасты орданың сырығы» деген ұғымнан 
орданың қандай екенін танытатын маңдайына қағылған белгі сияқты елдің 
бет-бейнесін танытарлық бір қыры, елге тіреу, таяныш болар тұлғалық сыны 
ашылады. «Батырын кӛріп, елін таны» деген ұғымға саяды.
Буыршын — еркек түйенің жасы, жас бура. Оның мұқалмаған тісі бұта 
шайнауға қаншалықты жарамды болса, сипатталып отырған тұлғаның да неге 
салсаң тартынбайтын дер шағынан кӛрініс береді.
Бидайық — торғай, үйрек сияқты кӛл құстарына түсетін жыртқыш құс. 
Толғауда «бидайықтың кӛл жайқаған жалғызы» деп беріледі. Жыртқыш 
құстардың екі балапанының ең мықтысы ғана аман қалатыны, ӛз ұяласын
әлдісі жойып, ата-анасы тасыған жемді үлессіз жеп жетілетіні болады.
Ендеше, «жалғызы» қолданысы да белгілі бір семантикада берілген. Ал «кӛл 
1
Коджаспирова М.Г., Коджаспирова А.Ю. Педагогический словарь М., Академа, 
2005.


117 
жайқаған» тіркесі, кӛбіне, «шайқаған», яғни, қозғаған мағынасымен 
алмастырылып та ұғынылуы мүмкін. Бұл екі сӛз екі мағынада қолданы-
лады. «Кӛл жайқау» кӛлді аласапыран, астан-кестен ету, бұл әрекет құс 
қимылын, әрекеті мен мінезін білдіреді, сол арқылы сипатталып отырған 
тұлға Қазтуғанның бір қырын танытады. 
Доспамбет жыраудың «Алғаным Әли ағаның қызы еді» деп басталатын 
толғауында «маңдайы күнге тимеген», «желге шашын ӛрмеген», «серпіліп 
адам бетін кӛрмеген» «Қосақай, Қосай, Ер Досай» сынды балаларының 
ардақты анасы, сүйген жарының «қалай белін шешкені» де түсіндіруді 
қажет етеді. «Ер Тӛстік» ертегісінде Кенжекейдің сүйген жарын алыс та 
қауіпті сапарға шығарып салып тұрып, белін таңатыны, ол белдікті «Ер 
Тӛстік не ӛлгенде шешіл, не аман-есен келгенде шешіл» деп серт қылатыны 
бар. Яғни, жарын соғысқа аттандырған сүйген жар «жанын шүберекке 
түюге», тілек тілеп, амандыққа бел бууға серт қылғандығын айқындайды.
Бұл да адалдық пен амандықтың тілекшісі сипатты бір дәстүр болуы мүмкін. 
Біздің заманымызға жетпеген бұл дәстүрдің бір белгісі тілімізде кӛрініс 
береді. Ӛзі қан майданда жүрген жауынгер жырау Доспамбет «жағдайсыз 
жаман қалып бара жатқандағы» жағдайын айта отырып, үйдегі жарының 
мұңын сезінеді, «қалай да белін шешті екен!..» деп уайым жейді. Жыраулар 
поэзиясы үшін мұндай нәзік кӛрініс пен сезімдерді жеткізу — сирек құбылыс.
Осы күнгі тілімізде қолданылып жүрген бір іске бет бұру, орындауға, 
атқаруға шешім қабылдау ұғымдарында қолданылып жүрген «бел буу» 
тұрақты тіркесі біз түсіндіріп отырған дәстүр мен салттан туындауы да әбден 
мүмкін.
Шалкиіз «Би Темірге бірінші толғауында»: 
Аспанды бұлт құрсайды — 
Күн жауарға ұқсайды,
Кӛлдегі қулар шулайды — 
Кӛкшіліден ол айуан 
Соққы жегенге ұқсайды, 
Кӛп ішінде бір жалғыз 
Кӛп мұңайып жылайды —
Күйбеңдескен кӛп жаман 
Сӛзі тигенге ұқсайды..., - деп толғайды. Паралеллизм тәсілімен 
беріліп отырған жалғыздық сарыны. Кӛп ішінде жалғыздыққа қамап отырған 
күйбеңдескен кӛп жаманның сӛзі. Толғаудағы күйбең сӛзінің мағынасы да 
әдеттегіден ӛзгеше. Күйбеңдеу, күйбең тірлік ұсақтықты білдіреді.
«Күйбеңдескен кӛп жаманның» әрекеті де сондай ұсақ.
Туырлықсыз қара үйге 
Ту байламақ не керек! 
Туғаны жоқ жалғызға 
Кӛп ішінде суырылып, 
Жауға шаппақ не керек! 
Бұл толғауда да «туырлықсыз қара үй» тіркесі ӛзекті ойға қызмет етіп 
тұр. Керегенің сыртынан жабылатын киіз, туырлық болмаса үйдің жылу 


118 
сақтамас, аңғал-саңғал болғаны. Оның үстіне қара үй болса, тіпті де 
кішкентай, жұпыны болғаны. Қазақта үйдің кереге-қанатына байланысты 
шаруашылыққа тігілетін кӛлемі шағын қара үйден бастап, он екі, он сегіз 
қанат ақ ордаға дейінгі атаулары кездеседі. Қара үй тіркесі осы 
ерекшеліктерге қатысты қолданыс тапқан. Ту байлау тіркесі де мағыналық 
жағынан кең түсіндіруді керек етеді. Осы айтылғандар сияқты сӛздің 
мағынасын тану арқылы автордың ойын айқындау, толғаудың философиялық 
мәнін ашу қажеттігі туындайды. Сӛздер мен сӛз тіркестерінің әлеуметтік 
астары, терең мағыналары, философиялық қабаттары бар.
 
Бұл тек тілдік 
талдаудың, герменевтикалық талдаудың нәтижесінде жүзеге асады. 
Шығармалардағы таңбаларды, құпиялы сӛздерді түсіндіру тәсілі ретінде 
герменевтикалық талдау оқушылардың таным белсенділігін арттырады. 
Әдебиетті оқытуда кӛптен қолданылып жүрген талдаудың бір түрі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет