112
Олар: пішіні, киімі, тұлғасы, кәсібі, қырағылығы, мінезі, зеректігі, сақтығы,
байқағыштығы,
тапқырлығы, жүректілігі, айлакерлігі, сабырлылығы, ұстам-
дылығы,
қайсарлығы, тұрмыс қалпы, патриоттығы, сауаттылығы, саяси
білімі.
Әдіскердің талдау бағытында жазушы қолданған образ сомдаудың
кӛркемдік тәсілдері араласып кеткен. Әдіскер атап отырған кейіпкердің
тұлғалық қасиеттерінің дені (қырағылығы, мінезі, зеректігі, сақтығы,
байқағыштығы, тапқырлығы, жүректілігі, айлакерлігі, сабырлылығы,
ұстамдылығы, қайсарлығы, патриоттығы, сауаттылығы, саяси білімі)
жазушының мінездеу тәсілі арқылы беріледі. Кейіпкердің іс-әрекеті мен
портреті арқылы анықталатын белгілері де бар. Талдау бағытындағы
жазушының образ сомдаудағы
әдіс-тәсілдерін бағдарға алмау, оқушыны
жалпылама баяндауға, мәтін оқиғасын түсіндіріп айтып шығуға соқтыратыны
тәжірибеден байқалып жүр. Әрі бұл жалпылама сипаттау бағыты мәтін
талдауда жүйесіздікке алып келеді.
Әдіскер
шығармадағы
пейзаждың
қызметінің
әралуандығын,
шығарманың сюжеттік, композициялық талдауларының маңыздылығын айта
отырып, композициялық талдаудың үлгі жоспарын ұсынады. Әдіскер
мектепте шығарманың композициялық тұтастығын таныту, жекелеген
бірліктерін таныту мектеп практикасына еркін енгізілмей келе жатқандығын
орынды ескертеді. Шығарманың сюжеттік, композициялық талдаулары
жоспар құру арқылы шығарма жеке бӛліктерге бӛлумен
шектеліп келе
жатқандығы рас. Бұл бағытта әдіскердің шығарма композициясын талдауға
ұсынған үлгі жоспары қуаттарлық. Шығарманың тілдік ерекшеліктерін
танытуда әдіскер шығарма тілінің образ жасаушылық және түйіндеп
кӛрсетушілік, кейіп жасаушылық, идеялық, эмоциялық қуатын ерекшелейді.
Әдіскер шығарма тілін талдау бағытында сӛздерге түсініктеме беру,
мазмұндау, мәнерлеп оқу жұмыстарын атайды. Бұл аталған жұмыс түрлері
мәтіннің тілдік ерекшеліктерін еркін аша алмайтыны белгілі.
Әдебиеттік оқудағы талдау жұмысы жеке шығарманың мазмұнын
тануға бағытталады. Ал тарихи курста автор мен жанр, тарихи жеті т.б
мәселелерге қатысты жүргізіледі. Негізінен талдауға нысан болатын шығар-
маның ішкі-сыртқы етекшеліктері:
1.Тақырыбы мен идеясы.
2. Басты образдары, характер, тип, оларды сомдаудағы композициялық
құрылым.
3. Шығармадағы
ұқсас образдар табиғаты, олардың бас кейіпкермен
қарым-қатынасы.
4.Образдар жүйесі арқылы шығармадағы тартыстың кӛрінуі, айқын-
далуы.
5. Шығарманың композициялық құрылымы, олардың формалары,
қызметі (пролог, эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, портрет, диалог, монолог
т.б.).
6. Шығарманың сюжеті.
7. Шығарма тілі (баяндау, афоризм, мақал-мәтелдер).
113
8. Шығармадағы кейіпкер тілі (диолог, монолог, полилог).
9. Шығарма жанрлары.
10. Жазушының стилі, кӛзқарасы.
11. Дәстүр мен жаңашыл кӛзқарастары мен идеялар.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласында әдіскер-ғалымдардың
кӛркем шығарманы мектепте талдай отырып оқыту мәселелерін арнайы сӛз
еткен Т.Ақшолақовтың «Кӛркем шығармаға талдау жасау» (1983),
«Шығарманың кӛркем айшықтарын таныту» (1998), Қ.Бітібаеваның
«Әдебиеттегі оқытудың тиімді жолдары» (1990), Қ.Алпысбаевтың «Кӛркем
шығарманы талдау» (1995) атты т.б. оқу-әдістемелік құралдары,
Б.Смановтың «Мектепте кӛркем шығарманы талдаудың ғылыми-әдістемелік
негіздері» (2010) атты ғылыми-әдістемелік еңбегі жарияланған. Дегенмен,
шығарманы мектепте сыныптар бойынша талдау жұмысын жетілдіре түсу
қажеттігі танылуда.
Әдебиетті оқыту әдістемесі тәжірибесінде кӛркем шығарманы талдауға
нысан болып жүрген бірліктерді жинақтап айтайық. Кеңес мектебі тәжірибесі
мен отандық әдіскерлердің әдістемелік оқулықтарын шолу барысында кӛркем
шығарманың әр тарапты талданып жүргенін байқауға болады. Олар: образдар
жүйесіне
қарай талдау, сюжеті мен композициялық құрылымына қарай
талдау, кӛтерген басты проблемасына қарай, қамтыған жанама мәселелеріне
қарай талдау, шығармадағы кӛтерілген басты тақырыпты, шығармадағы
кӛтерілген ӛзекті ойды айқындау, сол ойды ашудағы қаламгер тәсілдерін
саралау, кӛркемдік ерекшеліктеріне қарай, шығармадағы кӛркем компонент-
терге қарай талдау, тіл ерекшеліктеріне қарай талдау т.т.
Кӛркем мәтінді қай тұрғыда талдау керектігі кӛбіне мұғалімнің
кӛздеген мақсатынан туындап жатады. Тек ескеретін бір мәселе талдаудың
бағыты мен бағдары шығарманың ӛзіндік
ерекшелігінен туындайтын-
дығында. Кез келген шығарманы композициялық құрылымына қарай
талдауға болғанымен, сюжеттік талдау тек эпикалық шығармаларға ғана
жүргізіледі. Ал тақырыптарына қарай талдау кӛлемді шығармалармен ғана
жүзеге асады.
Ал әдебиеттану саласында талдаудың мұнан ӛзге түрлері де еркін
қолданылып жүр. Олар:
– әлеуметтік талдау;
– проблемалық талдау;
– теориялық талдау;
– герменевтикалық талдау;
– кӛркем деталь арқылы талдап тану;
– символ арқылы талдап тану;
– дискурстық талдау;
– поэтикалық талдау;
– стильдік талдау т.б.
Әдебиеттану саласында қолданылып жүрген бұл талдау түрлерінің
кейбірін әдебиетті оқытуда қолданудың да мүмкіндігі мен тиімділігі мол.
Солардың бірер түріне тоқталайық.