А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Лирикалық шығармаларды оқытуда кіріспе жұмыстардың маңызы



Pdf көрінісі
бет90/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Лирикалық шығармаларды оқытуда кіріспе жұмыстардың маңызы.
Лирикалық шығарманы оқыр алдындағы кіріспе жұмыстар әр тақырыптың ӛз 
ерекшелігіне қарай талданып алынады. Кіріспе жұмыстың мазмұны оның 
мақсатынан туындайды. Шығарманың ерекшелігі, ӛткен тақырыпқа байла-
ныстылығы, оқушының дайындық дәрежесі — түгел ескеріледі. Кіріспе 
жұмыстардың формасы мен мазмұны да әрқалай болып келеді. Мысалы:
Мұғалімнің кіріспе сӛзі, сыныппен жүргізілетін әңгіме, тақырыпқа кіріспе 
әңгіме, тақырыпқа қатысты сұрақ-жауап, анкета, экскурция, иллюстративті 
материалдар мен кинофильмдер кӛрсету, әдеби-шығармашылық ой-толғау-
лар жазу, аудио мәтін тыңдату, үн таспа тыңдау, сӛздік жұмыстар жүргізу, 
1
Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет.- А.: «Ғылым», 2001.-99 б.


181 
шағын инсинировка жасау т.б. Мұғалімнің кіріспе сӛзі кӛлемі жағынан 
тұжырымды, мазмұны, тілі жӛнінен тартымды, түсінікті болуы тиіс. Кіріспе 
сӛз оқылатын шығармамен тікелей қабысып, тығыз байланыстылық пен 
әсерлілікті сақтауы тиіс. Мысалы: Абайдың «Қараша, желтоқсанмен сол бір 
екі ай», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» т.б. шығармаларды оқытар 
алдындағы кіріспе жұмыстар осы тақырыпқа қатысты оқушыны ой, қиял, 
ұғым-түсінік, эмоциялық әсер жағынан даярлауға бағытталады.
Кіріспе сӛз бен кіріспе әңгімедегі айырмашылық кіріспе әңгіме сұрақ-
жауап әдісімен жүргізіледі. Мұғалімнің кіріспе сӛзінде шығармаға қатысты 
хабарлау, түсіндіру, жұмыстарын мұғалім атқарса, кіріспе әңгімеге оқушылар 
да қатысып, негізгі айқындайтын мәселелерді сұрақ-жауап әдісімен шешуге 
әрекет жасалады. Кіріспе әңгімеде қойылатын сұрақ оқушылардың бұрын 
жинақтаған білім қорына негізделіп құрылады да сол тақырыпқа қатысты 
оқушы білімін жаңғырту, кейбір мәселелерді айқындай түсу, ерекшелей 
отырып, назар аударту мақсатында жүргізіледі. Мәселен: белгілі бір шығар-
машылық тұлғаның ӛмірбаянын, шығармашылығын оқыр алдында оқушы-
ның бұрын жинақтаған білім деңгейін анықтау кӛзделеді.
Мысалы: 7-сынып оқушыларына Абайдан «Қансонарда бүркітші 
шығады аңға», «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» деген ӛлеңдерін оқытуда 
мұғалімнің кіріспе әңгімесі жүргізілмесе сабақ мазмұнының түсінікті болуы, 
белгілі бір нәтижеге қол жеткізу екіталай. Бұл екі ӛлең де оқушы түсінігіне 
ауырлық әкеледі және ӛлең сӛздері оларға жақсы таныс емес. Оған қоса 
қандай болмасын түсініксіз сӛзді, құбылысты түсіндіру үшін баланың азды-
кӛпті кӛрген тәжірибесіне сүйену қажет. Сол себепті ӛлеңдерді оқыр алдында 
оқушылармен шығарма мазмұнына қатысты әңгіме-сұхбат құрған ӛте орын-
ды. Осы орайда сабақ алдында мәтінге қатысты мынадай сұрақтар беру керек. 
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» ӛлеңіне мынадай кіріспе сұрақтар 
беруге болады:
1.Аңшылықтың қандай түрлері болады? 
2.Ел ішінде аңшылыққа қандай құстар үйретілетін болған? 
3.Аң аулау процесін кӛргендерің бар ма? 
4.Қансонар дегенді қалай түсінесіңдер? 
5.Аңшы құстардың жабдықтарын қалай атайды? 
Оларды баптау, аңға үйрету жӛнінде естіп білгендерің бар ма?
Т а л д а у с ұ р а қ т а р ы:
1.
Абай ӛлеңде аңшы адамға қажетті нелерді атап кӛрсетеді? 
2.
Ӛлеңде бүркіттің, түлкінің, аңшының іс-әрекеті қалай суреттелген?
3.
―Қанат, құйрық суылдап, ысқырады‖, ―Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқа-
сады‖ деген тармақтардағы бірыңғай формадағы етістіктерді пайдалану 
арқылы ақын нені аңғартқысы келген? 
4.
Абай неліктен осы кӛріністерді «Жеке батыр майданына» теңейді? 
5.
Аңшылық адамға қандай кӛңіл-күй, әсер береді, оны ақын қалай 
кӛрсеткен? 
6.
«Кӛкіректе жамандық еш ниет жоқ, 


182 
Аң болады кеңесің құс салғанда...» деген тармақтарды қалай түсіне-
сіңдер?
Осы тектес сұрақтар мен тапсырмалар бере отырып, оқушыларға Абай 
шығармаларынан кең ұғым қалыптастыру мүмкіндігі мол. 
О қ у ш ы л а р д ы ң ӛ з д і к т а п с ы р м а л а ры: 
1.«Сылаң ету», «сымпың қағу», «қанды кӛз», «қайқаң қағу», «қырық 
пышақпен қыржаңдау» деген сӛз тіркестерінің мәнін қалай түсіндіңдер? Осы 
тіркестерді қатыстыра отырып сӛйлем құрап кӛр. 
2.Ӛлеңдегі кӛріктеу құралдарын тауып жаз. Троптың қай түріне жата-
тынын анықта. 
3.Ӛлең қандай үлгіде жазылғанына назар аудар (баяндау, суреттеу). 
4.Абай ӛлеңдеріндегі аңшылық кӛрінісін сӛзбен немесе суретпен 
бейнелеп кӛр. 
Осы сұрақтар барысында мұғалім оқушылардың білім-білігін тексере 
отырып, жеткіліксіз жерінде ӛзі мәлімет беріп отырады. Мүмкін болған 
жағдайда осы туралы видео-фильм кӛрсеткен абзал.
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» ӛлеңін оқыр алдында да осы 
тектес сұрақ тапсырмалар, дайындық жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі 
қажет. Аттың, тұлпардың кӛшпелі ел тірлігіндегі алатын орны туралы, 
тұрмыстық қажеттілігі мен сұлулық символы ретіндегі оған деген 
сүйіспеншілік, олардың ауыз әдебиетінде, ән, ӛлең-жырлардағы, кӛркем 
шығармалардағы кӛрінісі туралы айтқан абзал. Аттың дене мүшесі туралы
алдын-ала мәлімет беру міндетті. 
2010 жылғы «Атамұра» баспасынан жарық кӛрген 6-сыныпқа арналаған 
«Әдебиет» оқулығында ежелгі дәуір әдебиеті үлгісінен «Күлтегіннің жыры 
берілген. Оқулықтың авторлары (К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, 
Р.Баттал) бағдарламаға сәйкес бұл жырды ала отырып, «Күлтегін» жыры 
туралы анықтама берген. Дегенмен жырды оқи келе оқушылар кӛптеген 
тарихи жер атаулары мен ежелгі ел атауларын ұшыратады. Сол себепті де бұл 
сабақ тарихи мағлұматтармен кеңейтіліп ӛтуі керек. Осы сыныптарда тарих 
сабақтарынан ӛткен білімдерін жаңғыртып, ежелгі түркі қағанатының мекен 
еткен ордасы, басқа елдермен кӛршілік жағдайын оқушылардың кӛмегімен 
картаға түсіру немесе ойша бағдар жасау жырдың да тақырыптық, идеялық
мазмұнын ашуға кӛмектеседі. Ал Махамбет ӛлеңдерін оқытқанда тарихи-
әлеуметтік мәселелер алдын ала түсіндірілмесе, ақынның ӛлеңі де еркін 
ашылмайды.
Қорыта келгенде, лирикалық шығармаларды оқытудың негізгі ұстаным-
дары мен бағыттарын айқындай отырып, әр мәтінді талдаудың ӛзіндік 
жүйесін жасау қажеттігі туындайды. Ең бастысы - мұғалімнің автордың 
айтпақ ой мен сезімін түсініп түйсінуі. Мұғалім мәтінді талдап тану арқылы 
автор ойына, болмысына жақындайды. Сол арқылы оқушыларды да дұрыс 
арнаға бағыттай алады. Мәтін талдау мұғалім мен оқушының ынтымақ-
тастығы мен ізденісін, танымы мен талғамын, ӛзіндік кӛзқарасы мен пікірін, 
танымға бағытталған түрлі іс-әрекеттерінің жетілуін қажет ететін күрделі 
үдеріс болып есептеледі.


183 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет