190
Дауыссыз – тілдің тік қалпына қарай
жоғарылы,
ерін қалпына қарай
доғал еріндік
, тілдің көлденең қалпына қарай
ілгерінді
дауыссыз дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері:
жоғарылы, доғал еріндік, ілгерінді
дауыссыз дыбыс.
Сөз құрамындағы құрақтардың үйлесім әуезі біркелкі
жоғарылы,
ілгерінді
болғандықтан, сөздің өне бойына тән үйлесім әуез де
жоғарылы, ілгерінді
болып шығады.
Үйлесім әуезді құрақтар тіркесімінің өзіндік реті бар. Олардың
тіркесім реті буын және сөз деңгейінде қарастырылу керек. «+» бел-
гісімен өзара тіркесе алатын құрақтар, ал «-» белгісімен өзара тіркесе
алмайтын құрақтар көрсетіледі. Құрақтар тік жақшаға
[ ]
алынып
беріледі.
1. Өзара тіркеспейтін үйлесім құрақтар.
1.1. Сөз деңгейінде өзара тіркеспейтін құрақтар.
1.1.2. Ілгерінді/кейінді үйлесім әуезді құрақтар бір сөздің құра-
мында ешқашан кездеспейді;
1.2. Буын деңгейінде өзара тіркеспейтін құрақтар.
1.2.1. Ілгерінді/кейінді үйлесім әуезді құрақтар бір буынның құра-
мында ешқашан кездеспейді
Достарыңызбен бөлісу: