Бейүндес тіркестер
Қазақ тіліндегі орфографиялық дыбыс тіркестерінің көбісі қазақ
тілінің үндесім (үндестік) заңына байланысты. Өйткені қазақ тілінің
емле ережелері қазақ сөзінің айтылымындағы ерін үндесімін (қанша-
лықты анық естіліп тұрса да) ескермейді. Сондықтан ерін үндесімі бар
217
сөздердің бәрінде орфографиялық тіркес жүреді. Мысалы,
үштік, түл-
кі, өзге, ұстын, орындық
т.б.
Бейүндес тіркестер болып келетін сөздер өте көп. Соның ішінен
жоғарыдағы
күлкі
сөзінің артикуляциялық тұрқын талдап көрейік.
Негізгі мәселе үндесімге байланысты болғандықтан, сөз құрамын-
дағы дыбыстардың бәрінің артикуляциясын анықтап алуға тура келеді.
Оның үстіне ерін қатысына байланысты еріндік-езулік белгісін әрқа-
шан ескеріп отыруға тура келеді.
Сөз басындағы
к
дауыссыз дыбысы: тіл ортасы арқылы жасала-
ды; тілдің ұшы мен тіс өзара тоғысады; дауыс желбезегі қатыспайды
(тербелмейді). Оның үстіне ерін дөңгеленіп тұрады. Сонда ол жасалу
орнына қарай тіл ортасы, жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы, дауыс қа-
тысына қарай қатаң (тек салдыр), ерін қатысына қарай еріндік болып
айтылады. Дауыссыздың моделінде осы белгілердің бәрі бөлектеніп
көрсетілген. Одан кейінгі дауысты дыбыс: тіл ортасы арқылы жасала-
ды; тілдің орта тұсы ауыз қуысында жоғары жатады; ерін дөңгеленіп
тұрады. Сонда дауысты тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы, тіл-
дің тік қалпына қарай қысаң, ерін қатысына қарай еріндік болып айты-
лады. Дауыстының моделінде жасалым белгілер ерекшеленген. Келесі
дауыссыз: тілдің ұшы арқылы жасалады; тілдің ұшы тіспен тоғысып,
екі жаны жуысып айтылады; дауыс желбезегі мол тербеледі (салдыр-
дан дауыс басым); ерін дөңгеленіп тұрады. Сонда дауыссыз жасалу
орнына қарай тіл ұшы, жасалу тәсіліне қарай жанама жуысыңқы, да-
уыс қатысына қарай үнді, ал ерін қатысына қарай еріндік болып айты-
лады. Дауыссыздың еріндік және өзге артикуляциялық белгілері мо-
дельде анық көрініп тұр. Сөздің артикуляциялық тізбегінен көрініп
тұрғандай, аталған үш дыбыс та еріндік болып айтылып тұр. Басқаша
айтқанда, дыбыстардың ерін үндесімі сақталып келе жатыр. Ал енді
келесі екінші
к
дыбысына келгенде дауыссыз еріндіктің орнына езулік
болып кетті. Алғашқы
к
дауыссызымен өзге белгілері бірдей. Сонда
дауыссыз жасалу орнына қарай тіл ортасы, жасалу тәсіліне қарай тоғы-
сыңқы, дауыс қатысына қарай қатаң, ал ерін қатысына қарай езулік.
Соңғы дауысты да езулік болып тұр.
Сонымен сөздің алғашқы бөлігі еріндік, екінші жартысы езулік бо-
лып шыға келді. Сөздің мұндай айтылым үлгісі қазақ тілінің айтылы-
мына жат үлгі. Соған қарамай, орфографиялық нұсқа сөздің еріндік
езулік қалпын жазба үлгісі ретінде бекіткен.
218
Тіл ұшы
н
дауыссызының белгі түрленімі
Достарыңызбен бөлісу: |