Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет144/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   225
Қос дыбысты тіркестер
Тіркес құрамында екі дыбыс болса, онда ондай тіркесті «қос 
дыбысты тіркес» деп атаймыз. Тіркес құрамындағы дыбыстар 
дауысты+дауыссыз, дауыссыз+дауысты немесе дауыссыз+дауыссыз 
болып келуі мүмкін.
Қос дыбысты тіркестер қазақ тіліндегі ең көп тараған тіркесім 
түрлері болып табылады. Тіркес сыңарлары өзара артикуляциялық 
жағынан бір-біріне өте бейім және икемделіп тұрады. Артикуляциялық 
икемделудің нәтижесі тіркестің акустикалық көрінісінен де байқалады.
Дауыссыз-дауысты тіркестер
Әдетте дауыссыздар барлық уақытта дауыстының ықпалында 
болады деген дәстүрлі қағида бар. Кейде осы қағидаға күмәнмен 
қарауға да тура келеді. Себебі тіркес дауыссыздан басталып тұр, 
ал дауыстының айтылымына әлі кезек келген жоқ. Ендеше, әлі 
айтылмаған дауысты алдындағы дауыссызға қалай ықпал етеді деген 
сұрақ туындайды. 
Бұл фонетикалық құбылыс жалпы фонетика деңгейінде де күрделі 
мәселе болып табылады. Мысалы, проф. Л.Р. Зиндер: «Фонологиче-


221
ские факторы, регулирующие приспосабливаемость артикуляции со-
седних звуков, являются функцией фонологической системы данного 
языка и потому должны и могут изучаться только в частной фонетике» 
деп түсіндіреді. Бұдан алатын түсінігіміз – дыбыс тіркестері әр тілдің 
өзінің ішкі заңдылықтарына байланысты болатындығы. 
Кез келген тілдік бірлікті сөйлеу үстінде жіктеп жатпай, түгел күй-
інде түсініп жатамыз. Басқаша айтқанда, дыбыс тіркесі мен буынды 
дыбысқа бөліп, сөзді буынға бөліп, сөйлемді сөзге бөліп жатпаймыз. 
Ендеше, дыбыс тіркесінің құрамы бір бүтін бірлік ретінде қабылданып 
жатады: «Из того, что звуковая модель слова задана целиком, вытекает 
еще одно общее соображение, а именно: артикуляция каждого после-
дущего звука должна подготавливаться заранее, если только соответ-
ствующий произносительный орган оказывается свободным». 
Жоғарыда айтылғандай, қос дыбысты тіркестер тілдегі ең көп та-
раған бірліктер болып табылады екен. Ендеше, бұл заңдылық қазақ 
тіліне де тән. Дыбыс тіркестерін талдағанда алдымен көзге түсетіні 
осы қос дыбысты тіркесімдер: «Наиболее распространенными звуко-
сочетаниями можно считать сочетани согласных с гласными».
Дыбыс тіркесі болу үшін алдымен екі дыбыс артикуляциялық 
бірлікте болу керек. Бұл басты шарт болып табылады. Алайда тір-
кес құрамындағы дыбыстардың қай сыңары басым дегенге біржақты
жауап беруге тағы болмайды: «Само собой разумеется, адаптация 
соседних звуков происходит взаимно: гласный, оказывая влияние на
соседние согласные, в свою очередь, подвергается их воздействию». 
Дыбыс тіркесінің табиғатын зерттегендегі бірінші кезекте басшылыққа 
алатын қағида деп осыны түсінеміз. Біздің әрі қарайғы зерттеуіміздің 
желісі де осы ізбен тарайды.
Тіркес талданымының нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік 
болу үшін дыбыс құрамы ұқсас тіркестерді аламыз. Сонда ғана дыбыс 
тіркесі болуға лайық фонетикалық шарттарды таба алатын боламыз.
Жоғардығы дауысты 
а
дыбысы кез келген дауыссызбен тіркесе 
алады. Дыбыс құрамы бірыңғай болу үшін тіркес сыңары ретінде 
т
дауыссызын алып, 
та
тіркесін құраймыз. Тіркес қазақтың төл ды-
быстарынан құралып тұрғандықтан, оның айтылуы қазақ сөйлермені 
үшін еш қиындық туғызбайды.
Алдымен тіркестің артикуляциялық моделін құрастырып көрейік. 
Дауыссыз: тілдің ұшы арқылы жасалады; тілдің ұшы мен тіс өзара нық 
тоғысады (нық тоғысымға назар аударып отырған себебіміздің алдағы 


222
акустикалық талдау үшін үлкен мәні бар); дауыс желбезегі қатыспай-
ды (телбелмейді, яғни тек салдырдан жасалады). Сонда дауыссыз жа-
салу орнына қарай тіл ұшы, жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы, дауыс 
қатысына қарай қатаң болып шығады. Алайда дауыссыздың негізгі жа-
салым белгілерімен ғана шектеліп, тіркес табиғатын анықтай алмай-
мыз. Сондықтан оның үстеме белгілерін табуымыз керек. Дауыссыз-
дың үстеме белгісін ауыз қуысындағы тілдің қалпы мен ерін қалпынан 
іздейміз. Тіл ауыз қуысында кейін және төмен жатыр, ал ерін езулік 
қалпын сақтап тұр. Дауыссыздың тоғысым қалпы аяқталар тұста ол 
ашық езулік болып жалғасып кетеді. 
Мінеки, дауыссыз бен дауысты тіркесін өзара біріктіріп, бүтін тір-
кес жасап тұрған артикуляциялық белгілер осылар болып табылады. 
Талданып отырған 
та
дыбыс тіркесінің сыңарлары өзара кірігіп ай-
тылу үшін осы фонетикалық шарттар орындалу керек. Сонда ғана 
та
дыбыс тіркесі деп айта аламыз. Егер осы артикуляциялық шарттардың 
бірі орындалмаса, онда ол екі дыбыс тіркес емес, жеке-жеке айтылған 
дербес дыбыстар болып шығады. 
Тіркес құрамындағы дыбыстардың жасалым/айтылым белгілерінің 
жүйесі.
т – лепті аяқталым кейінді (ашық) езулік қысқа
а – кілт басталым тіл арты (ашық) езулік созылыңқы
Дауыссыздың аяқталуы мен дауыстының басталуына ортақ 
белгі – бірінің лепті серпінмен аяқталып, екіншісінің лепті басталуы, 
дауыссыздың кейінде және дауыстының тіл арты болып айтылуы 
(атау ретіндегі айырмашылығы болмаса, ұғым ретінде өзара мәндес), 
екеуінің де езулік қалпы. Сонда тіркестің артикуляциялық жағынан 
кірігіп айтылуына осы белгілер себеп болып отыр. Бірінің қысқа, 
бірінің созылыңқы айтылуы дыбыс тіркесінің табиғатына әсері жоқ. 
Сондықтан оны бұл жерде ескермейміз.
Тіркеске тән төл қазақы айтылым белгі ретінде дауыссыздың 
лепті серпінмен аяқталатын тұсын аламыз. Тіркеске қазақ тілінің төл 
айтылым белгісін үстеп тұрған да осы құбылыс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет