Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет50/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   225
Ұ
дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы 
жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып 
табылады 
// І
дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі 
арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс 
болып табылады. 
Ауыз және көмей жаңғыртқылары өзара қысаң өткел арқылы 
байланысады. Ендеше, 
қысаң өткелді
дауыстылар болып табылады.
Ұ
дыбысын айтқанда ерін доғал дөңгеленіп тұрады. Еріннің 
қатысына қарай доғал еріндік дауысты дыбыс болып табылады 
//
І
дыбысын айтқанда ерін қысаң қалады. Еріннің қатысына қарай қысаң 
ерін дауысты болып табылады. Ауыз (қуысы) жаңғыртқы қысаң ерін 
шығысты болып аяқталады. 
Жаңғыртқының бітер тұсына қарай 
ұ
доғал ерін және 
і
қысаң ерін 
шығысты дауыстылар болып табылады.
Ұ
дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының арт жағына орналасады. 
Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты дауысты дыбыс болып 
табылады. Көмей жаңғыртқы ауыз жаңғыртқыдан кіші болады 
// І
дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің 
көлденең қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады. 
Ауыз жаңғыртқы көмей жаңғыртқыдан кіші болады.
Дауысты 
Ұ:
көмей жаңғыртқы – 
кіші
, ауыз жаңғыртқы – 
үлкен

//
Дауысты 
І: 
ауыз жаңғыртқы – 
кіші
, көмей жаңғыртқы – 
үлкен

Жаңғыртқы белгілері: 
Ұ
– 
қысаң өткелді, доғал ерін шығысты, 
кішілі-үлкенді 
// І
– 
қысаң өткелді, қысаң ерін шығысты, үлкенді-кішілі.
Екінші кезекте кешенді акустикалық көрінісі берілді.
Қазақ тілі қысаң еріндік дауысты дыбыстарының акустикалық 
көрінісі олардың форманттарының (жолақ таңбаларының) орнала-сым 
ретінен көрінеді. Дауыстылардың қысаң еріндік белгісі формантта-
рының төменгі жиілікте орналасқанынан байқалады. Үндесім естілім 
үшін форманттар құрамы маңызды болғандықтан, басқа акустикалық 
(әуен, созылыңқылық, қарқын) белгілеріне мән бермей қоя тұрамыз.
Дауысты 
Ұ
дыбысының ҒІ (300-500 Гц) және ҒІІ (900-1100 Гц) 
форманттары (
ү
дауысты дыбысына қарағанда) бір-біріне жақын және 
төмен жиілікте орналасады. Форманттарының бір-бірімен ұласып, 
бірігіп кететін кезі болмайды. Форманттарының бір-біріне жақын 
орналасуына қарай жинақы дауысты болып табылады. Бедер таңбаға 
қатысты акустикалық белгісі – 
жинақы.


76
Дауысты 
І
дыбысының ҒІ (300-500 Гц) және ҒІІ (1700-2000 Гц) 
форманттары бір-бірінен алшақ және әртүрлі жиілікте орналасады. 
Дауыстының форманттары барлық уақытта бір-бірінен алшақ жатады. 
Форманттарының бір-бірінен алшақ орналасуына қарай шашыраңқы 
дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты акустикалық
белгісі – 
шашыраңқы.
Естілім зерттелім үшін форманттардың нақты (абсолют) жиілігінің 
мәні жоқ, сондықтан форманттардың салыстырма (относительный) 
жиілік деңгейін модельдеп шығамыз. Модель дауыстылар арасындағы 
естілімге қатысты акустикалық айырмашылықты көрнекі бейнелейді.
Дауысты 
ұ/і
дыбыстарының салыстырма көрнекілігі олардың 
арасындағы акустикалық айырмашылықты бейнелейді.
Дауыстылардың өзара жинақы/шашыраңқы белгілері көрнекі 
өрнектелген. Өрнек қысаң еріндік дауыстылардың дәстүрлі жуан/
жіңішке жіктелімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері естілім деңгейінде жоғары 
аңғарылатын болып шықты. Естілім талданымға қатысқан аудитор-
лардың 75 %-ке жуығы дұрыс белгілеп шықты. 
Мұның өзі езулік қысаң дауысты дыбыстар үшін акустикалық 
көрсеткіштер мен естілім нәтижелерінің орнықты екенін көрсетеді.
Құранды дауыстылардың естілім талданымын бастамас бұрын 
олардың әрқайсысының құрамды бөліктерінің басын ашып алуымыз 
керек. Соңғы фонетикалық зерттеулердің нәтижесі олардың фоноло-
гиялық дифтонг екенін көрсетеді. Олай болса, олардың құрамды 
бөліктерінің арасынан буын және морфем жігі өтпейді, ендеше,
тасымалдауға да болмайды деген сөз.
Жоғарыда құранды дауыстылардың фонетикалық құрамы о[
w
u], 
ө[
w
ü], е[
y
i] түрінде көрсетілді. Ендеше, құранды дауыстыларды тек 
өзіне тән (балама) жалаң дауыстылармен ғана салыстырып шығамыз. 
Модель үлгісіне қарап 
о/ұ, ө/ү, е/і
жұптарының акустика-
перцепциялық белгілерін салыстырып шығамыз. Ол үшін 
о, ө, е
құранды дауыстыларының бірінші сыңарларын 
w

w

y
қиып алып 
тастаймыз, сонда олардың екінші сыңарлары 
u, ü, і
ғана қалады. 
Акустика-перцепциялық талданымға осы соңғы сыңарлары түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет