64
Жаңғыртқы белгілері:
Ұ
–
қысаң өткелді, доғал ерін шығысты,
кішілі-үлкенді
//Ү
–
қысаң өткелді, доғал ерін шығысты, үлкенді-кішілі.
Екінші кезекте кешенді акустикалық көрінісі берілді.
Қазақ тілі қысаң еріндік дауысты
дыбыстарының акустикалық
көрінісі олардың форманттарының (жолақ таңбаларының) орналасым
ретінен көрінеді. Дауыстылардың қысаң еріндік белгісі формант-
тарының төменгі жиілікте орналасқанынан байқалады. Үндесім естілім
үшін форманттар құрамы маңызды болғандықтан, басқа акустикалық
(әуен, созылыңқылық, қарқын) белгілеріне мән бермей қоя тұрамыз.
Дауысты
Ұ
дыбысының ҒІ (300-500 Гц) және ҒІІ (900-1100 Гц)
форманттары (
ү
дауысты дыбысына қарағанда) бір-біріне жақын және
төмен жиілікте орналасады (4.19-сурет). Форманттарының бір-бірімен
ұласып, бірігіп кететін кезі болмайды.
Форманттарының бір-біріне
жақын орналасуына қарай жинақы дауысты болып табылады. Бедер
таңбаға қатысты акустикалық белгісі –
жинақы.
5.19-
сурет. Дауысты
ұ
дыбысының
акустикалық көрінісі
4.19-сурет. Дауысты
ұ
дыбысының акустикалық көрінісі
Дауысты
Ү
дыбысының ҒІ (300-400 Гц) және ҒІІ (1300-1500 Гц)
форманттары бір-бірінен алшақ және әртүрлі жиілікте орналасады
(4.20-сурет). Дауыстының форманттары барлық уақытта бір-бірінен
алшақ жатады. Форманттарының бір-бірінен алшақ орналасуына
66
Дауыстылардың өзара жинақы/шашыраңқы белгілері көрнекі өр-
нектелген. Өрнек қысаң еріндік дауыстылардың дәстүрлі жуан/жіңіш-
ке жіктелімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері естілім деңгейінде нашар
аңғарылатын болып шықты. Естілім талданымға қатысқан аудиторлар-
дың 45 %-ке жуығы дұрыс белгілеп шықты.
Мұның өзі езулік қысаң дауысты дыбыстар үшін акустикалық көр-
сеткіштер мен естілім нәтижелерінің орнықсыз екенін көрсетеді.
Үшінші кезекте
ы/ұ
жұбын аламыз, дауыстылардың жұбы қою сы-
зықпен көмкеріліп, қою жебемен қосылған.
Ы
І
Ұ
Ү
Өрнектен көрініп тұрғандай, қысаң
дауыстылар өзара алты рет
жұптасады. Ендеше, акустикалық және перцепциялық талданым алты
рет қайталанады.
Ы/Ұ
дауысты дыбыстарының акустикалық жұбы.
Бірінші кезекте артикуляциялық белгілерінің жаңғыртқылар
(резонаторлар) моделі жасалды (4.22-сурет).
5.22-
сурет. Дауысты
ы/ұ
дыбысының жаңғыртқылар жүйесі
4.22-сурет. Дауысты
ы/ұ
дыбысының жаңғыртқылар жүйесі