Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Е: ауыз жаңғыртқы –  кіші , көмей жаңғыртқы –  үлкен //



Pdf көрінісі
бет56/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   225
Е:
ауыз жаңғыртқы – 
кіші
, көмей жаңғыртқы – 
үлкен
//
Дауысты 
І: 
ауыз жаңғыртқы – 
кіші
, көмей жаңғыртқы – 
үлкен



83
Жаңғыртқы белгілері: 
Е
– 
қысаң өткелді, емеурін ерін шығысты, 
кішілі-үлкенді
//І
– 
қысаң өткелді, қысаң ерін шығысты, кішілі-үлкенді.
Екінші кезекте кешенді акустикалық көрінісі берілді.
Қазақ тілі қысаң дауысты дыбыстарының акустикалық көрінісі 
олардың форманттарының (жолақ таңбаларының) орналасым 
ретінен көрінеді. Дауыстылардың қысаң белгісі форманттарының 
әртүрлі жиілікте орналасқанынан байқалады. Үндесім естілім үшін 
форманттар құрамы маңызды болғандықтан, басқа акустикалық (әуен, 
созылыңқылық, қарқын) белгілеріне мән бермей қоя тұрамыз.
Дауысты 
Е
дыбысының ҒІ (300-500 Гц) және ҒІІ (1700-2000 Гц) 
форманттары бір-бірінен алшақ және әртүрлі жиілікте орналасады.
Форманттарының бір-бірімен ұласып, бірігіп кететін кезі болмайды. 
Форманттарының бір-біріне алшақ орналасуына қарай шашыраңқы 
дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты акустикалық
белгісі – 
шашыраңқы.
Дауысты 
І
дыбысының ҒІ (300-500 Гц) және ҒІІ (1700-2000 Гц) 
форманттары бір-бірінен алшақ және әртүрлі жиілікте орналасады. 
Дауыстының форманттары барлық уақытта бір-бірінен алшақ жатады. 
Форманттарының бір-бірінен алшақ орналасуына қарай шашыраңқы 
дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты акустикалық
белгісі – 
шашыраңқы.
Естілім зерттелім үшін форманттардың нақты (абсолют) жиілігінің 
мәні жоқ, сондықтан форманттардың салыстырма (относительный) 
жиілік деңгейін модельдеп шығамыз. Модель дауыстылар арасындағы 
естілімге қатысты акустикалық айырмашылықты көрнекі бейнелейді.
Дауыстылардың өзара жинақы/шашыраңқы белгілері көрнекі 
өрнектелген. Өрнек ашық жалаң дауыстылардың дәстүрлі жуан/
жіңішке жіктелімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері естілім деңгейінде 
біршама анық аңғарылатын болып шықты. Естілім талданымға қатыс-
қан аудиторлардың 85%-ке жуығы дұрыс белгілеп шықты. 
Мұның өзі езулік қысаң дауысты дыбыстар үшін акустикалық 
көрсеткіштер мен естілім нәтижелерінің орнықты екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет