Қабір азабы арабшадан аударған: А. Зулай 2 ббк 86. 38 Қ 13



Pdf көрінісі
бет41/48
Дата27.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#110703
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Байланысты:
Қабір азабы

«Мені неге оятпадыңдар?»
– дегенде, олар: 
«Оятқымыз келмеді»
, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) мешітке қызмет 
ететін бұл әйелге құрмет ретінде, оның қабіріне баруды қалап, 
сахабаларынан оның қабірін көрсетуді сұрады. Оның қабіріне 
келіп, оған дұға қылып: 
«Расында, мына қабірлер, иелері үшін 
зұлматқа толы. Аллаһ тағала оларды 
(қабірлерді)
оларға 
(марқұмдарға)
 қылынған дұға үшін нұрландырады»
, – деген
4

Сондай-ақ алдыңғы тақырыптардағы сахих хадистерде 
кәпірдің қабірі тарылатыны туралы айтылған-ды. 
 
 
1
Ән-Нәсәи, Ахмад. 
2
Мәжмәъ әз-Зәуәйд, әл-Һәйсәми. 
3
Әт-Табарани. 
4
Әл-Бұхари, Муслим. 


44 
ҮШІНШІ БӨЛІМ 
ҚАБІР ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫНАН
ҚҰТҚАРАТЫН АМАЛ-ҚҰЛШЫЛЫҚТАР 
Жалпы көр азабына ұшырататын себептерден сақ болуымыз 
керек. Бұл туралы жоғарыда айтылды. Қабір азабынан 
сақтанудағы ең пайдалы істердің бірі – әр адам ұйықтар алдында 
Аллаһ үшін аздап уақыт бөліп, сол күнгі пайдалы және зиянды 
істері туралы өзінің нәпсісінен есеп алуы. Сосын қателігін Аллаһ 
кешіретіндей тәубеге келіп, оянған соң күнәларын қайталамауға 
ниеттенуі. Осы тәубеге келген қалпында ұйықтаса, сондай халде 
дүниеден өтсе, тәубеге келіп өлген болады. Ал егер ұйқысынан 
оянса, орындауға үлгермей кейінге қалдырған амалдарын жүзеге 
асырып, ажалының кешіктірілгеніне қуанып, ізгі амал істеуге 
асығады. Пендеге осындай ұйқыдан пайдалысы жоқ. Әрине, 
тәубе қылғаннан кейін өзін ұйқы жеңгенге дейін Аллаһты зікір 
етіп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеттерін де жүзеге асырған 
пайдалы. Аллаһтан басқа күш-қуат жоқ, Аллаһ кімге жақсылық 
қаласа, оған жол ашады. Дәлірек айтқанда, Пайғамбарымыздан 
(с.а.с.) қабір азабынан құтқаратын істер туралы көптеген 
хадистер жеткен. Бұл орайда осы хадистердің біразын 
назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет