«
(Шәһ
идтердің)
рухтары, аршыға ілінген шырақтары бар
жасыл құстардың кеуде қуысында. Ертемен жаннаттың
қалаған жеріне барып, сосын әлгі шырақтарға қайтады»
, – деп
айтты»
, – деп жауап берген
1
.
Яғни, шәһидтердің рухтары жасыл құстардың ішінде, ал ол
құстардың мекені Аллаһ тағаланың
аршына ілінген құс ұясы
тәрізді шырақтарда болмақ.
Міне, бұл – Аллаһ тағаланың шәһидтерге әзірлеген құрмет
орны. Сондықтан да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалары және
бұрынғы өткен ізгі кісілер шәһидтікті қалайтын болған. Өйткені
олар Құран аяттарынан және Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
хадистерінен
шәһидтерге
дайындалған
сый-құрметтің
қаншалықты жоғарғы дәрежеде екендігін біліп, оны қалап және
осы мәртебеге жету үшін қатты ұмтылатын. Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Кімде-кім шын жүрегімен Аллаһтан шәһидтікті
сұраса Аллаһ оны, егер ол төсекте өлсе де, шәһидтердің
мәртебесіне жеткізеді»
, – деген
2
.
Қабір азабы мен нығметтері
жан мен тәнге жеке беріле ме
әлде екеуіне ортақ па?
Ғұламалар: «Көптеген сахих хадистер сұрақ-жауап кезінде
жанның тәнге қайтарылуына дәлел болады. Ал тәннің жансыз
түрде сұраққа алынуы
туралы бір топ адамдар айтқан, оны
ғалымдардың көбісі жоққа шығарды. Ал тағы біреулер бұған
қарама-қарсы ой яғни, «сұрақ тәнге емес, тек жанға ғана
қатысты», – деп айтты. Бұл Ибн Хазмның ойы, бірақ бұл екі пікір
де қате.
Сахих хадистер бұл екеуін де жоққа шығарады.
Сүннетті ұстанушы төрт мазһаб өкілдерінің бір ауыздан
мақұлдауы бойынша мұның шешімі төмендегідей: «Қабір
азабы
мен нығметтері жан тәннен бөлінсе де, тәнмен бірге қосылып
1
Муслим.
2
Әт-Тирмизи.
51
тұрса да, екеуіне ортақ, олар бірге азапталады немесе бірге
нығметке бөленеді», – деп айтқан», – деген.
Тағы да: «Бізден бұрынғы мұсылман бауырларымыздың және
олардың имамдарының мазһабы
бойынша мынадай тұжырым
жасалды: Әлбетте, мәйітке нығмет немесе азап беріледі және ол
жаны мен тәніне ортақ болады. Жан тәннен ажыраған беті
азапталып немесе нығметке бөленіп тұрады. Сондай-ақ жан кейде
тәнге қосылады, осы кезде онымен бірге азап шегеді немесе
нығметке бөленеді. Содан соң Қиямет күні
болғанда жан тәніне
қайтарылып, бейіттерінен шығып, әлемдер Раббысының
құзырына жиналады. Ал тәннің Раббысына қайтарылуы
мұсылмандар, яһудилер және христиандар арасында бірдей
мойындалған көзқарас» – деп айтқан.
Рух барзах өмірі үшін
адам тәніне қайтқанда, біздің
түсінігіміздегідей дүниедегіше қалыпта тірі болып қайтпайды.
Десе де оның өзіндік бір күйі, тіршілігі болады. Алайда біз оны
өлі күйде көреміз. Мәселен, адам ұйқыда жатқанда оның рухы
бұл дүниеден (уақытша) тыс болса да, ол өзіндік тіршілігін
тоқтатпайды. Түс көреді, қуанады, қысылады, жылайды, күледі
т.с.с. Ал ұйықтап тұрған соң әртүрлі
халін баяндайды, яғни ол
ұйқыдағы жағдайын сезінеді. Тәтті ұйқы болады және азапты
ұйқы бар. Дәл осы сияқты барзах өмірі де өзіндік тіршілікке ие.
Демек, барзах өмірінде рух пен тән бірлестігі дүниедегідей
кейіпте емес...
«Жаратушы Раббым, уа, Аллаһ! Мен қабір азабынан, мәсих
дәжжалдың фитнасынан, жаһаннам азабынан және өмір мен өлім
бүлігінен Өзіңнен пана сұраймын!»