Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Берілген тілдерді типологиялық жіктелімі бойынша топтастырыңыз



Pdf көрінісі
бет104/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

Берілген тілдерді типологиялық жіктелімі бойынша топтастырыңыз:
чех, неміс, түрік, азербайжан, араб, осетин, словак, итальян, ағылшын, қытай, 
вьетнам, пушту, армян, француз, грек, албан, түрікмен, болгар, португал, серб, 
хорват, румын, жапон, поляк, испан, грузин, македон, венгер, латыш, тәжік, 
парсы, литва, қазақ, башқұрт, украин, норвеж, швед, голланд, мордова, фин, 
қазақ, өзбек, эстон, қырғыз, авар, афган, хинди, баск тілдері. 
 
 
 
3.1 тарауша бойынша орындалатын практикалық тапсырмалар 
 
«Сұлулық» ұғымын жануарлар бейнесі арқылы бейнеленуін түсіндіріңіз.
 
Берілген тілдік таңба астарындағы мәдени компонентке талдау жасаңыз.
Домбыра, шаңырақ, бөрі, ана, әке, бүркіт, тары, бидай, ай, күн, жылқы, түйе,
көк, сары, қазан, су, жер, бәйтерек, шолпы. 
Өлең жолдарындағы сары сөзінің тіркесіміне назар аударып, білдіретін 
ұғымына талдау жасаңыз. 
Саралап, сарғаяды жарық Айым, 
Сағынып, сілкінеді сары қайың 
Сары күз... 
Сары дала... 
Сары тоғай... 
Санамда сақыр-сұқыр сары уайым... 
Сам жанып, салқын көкте от күледі, 
Сарғайған салқын күздің жетті лебі, 
Сары бел жетімсіреп қалқияды, 
Сары адыр саздау еңіс салқияды 
Сары тал... 
Сары қайың... 
Сағым-мұң тербетеді сал қияны (Оразалин Н. Сары күз). 
Мәтіндегі ер-тоқым сөзінің астарында жатқан жасырын ақпаратқа талдау 
жасаңыз. 


151 
– Не болды, келінжан? Ұлымнан жаманат естідің бе?! – деп, енем мені 
құшақтап ойбай салды.
– Жоқ, – дедім өксігімді баса алмай. – Тыныштық. Нартай Ақанның 
ер-
тоқымын
сұрайды.
–Шал-ау, шал. Нартай Ақанның күмістелген ер-тоқымын сұратыпты. Береміз 
бе? (Бөкей О. Бәрі де майдан). 
Бикешжан бүгін түс көрді, 
Түсінде жаман іс көрді, 
Астындағы көк жорға ат 
Ер-тоқымсыз
бос көрді.
(Қыз Жібек) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет