Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет115/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

 
Конспект түрлері: 
‒ Жоспарлы конспект ‒ белгілі бір ғылыми мәселені қарастыруда негізгі 
мәселелері қамтылған жоспар негізінде жазылады.
‒ Мәтіндік конспект ‒ мұндай конспект түрі дереккөздерден алынатын ғылыми 
үзінділер мен пікірлерге сүйенеді. 


161 
‒ Тақырыптық конспект ‒ белгілі бір ғылыми мәселелердің басын ашуда 
бірнеше дереккөздерге сүйенеді. Мұндай конспект түрін жүргізу қиын 
жұмыстардың бірінен саналады.
‒ Еркін конспект ‒ мұндай конспект түрі жоғарыда берілген түрлі 
конспектілердің өзара үйлесімділігіне құрылады.
Конспектілеу техникасы. 
Конспектіні жылдам жазуға (оқытушының 
айтқандарын жазуға үлгеру) төмендегідей тәсілдер көмектеседі: 
- қысқарту жүйесі; 
- басты мәселені айқындап алу; 
- каллиграфиялық жазудан бас тарту; 
- ақпаратты схема, таблица немесе кесте түрінде беру.
 
Реферат 
(
лат.
refere
‒ хабарлау, 
айту) 
– 
бір немесе 
бірнеше 
дереккөздерден алынған белгілі бір тақырып жөнінде хабарлау. Реферат 
ғылыми мақалалар мен ғылыми әдебиеттердің мазмұнын сипаттау болып 
табылады. 
Жалпы рефераттың бірнеше түрлері көрсетіелді: 
реферат-
конспект;
реферат-резюме; реферат-шолу, реферат-баяндама.
Реферат-конспект – 
белгілі бір тақырып жөнінде жалпы ғылыми 
ақпаратты құрайды, онда иллюстрациялық материалдар, зерттеу әдіс-тәсілдері, 
зерттеу нәтижелері және олардың практикалық қолданысы туралы жалпы 
ақпараттан тұрады.
Реферат-резюме 
‒ берілген тақырыптың тек негізгі тұжырымдарын 
құрайды. 
Реферат-шолу 
‒ берілген мәселе бойынша бірнеше дереккөздерге сүйене 
отырып, ондағы түрлі ғылыми көзқарастар өзара салыстырылады.
Реферат-баяндама ‒ 
берілген ғылыми ақпараттың шынайылығы, оның 
шешімі бар екендігі, түпнұсқа мәліметтермен өзара салыстырылған, 
кеңейтілген сипатқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет