Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Пән бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



Pdf көрінісі
бет114/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

Пән бойынша әдістемелік нұсқаулықтар 
Қазіргі заманғы оқытудың негізі студенттің танымдық іс-әрекеттің 
әдістерін белсенді игеруі, жеке, тұлға білім берудің мәнін терең түсінуі және 
өздік дамуды қамтамасыз ететіндей болуы керек. Сондықтан білім беру 
үдерісінде түрлі оқыту технологиялары қолданылып жатыр. 
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-технологиялық 
бағыттағы ой-тұжырымдамалары төмендегідей сипатталады: 
- есте сақтауға негізделген білім, яғни осы кезеңге дейін меңгерілген тілдік 
білімді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын танымдық оқуға көшу; 
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық
жүйесіне көшу. 
 
Конспект 
‒ белгілі бір мәселе жайлы қысқаша жазылған жазбаша мәтін. 
Конспект ‒ тақырыптың қысқаша мазмұны. Ол қысқаша формада 
жазылғанымен, онда тек негізгі ақпараттар ғана қамтылады. Өйткені конспект 
көлемі түпнұсқадан үш есе аз болуы керек деп саналады.
Конспект жазу ‒ белгілі бір ақпараттың ұзақ уақыт бойы жадта сақталуына 
негізделеді. Студенттер білім алу үшін оқиды, алған білімді санада ұзақ уақыт 
бойы сақтау үшін қабылданған тілдік білімді, ғылыми мазмұнды түсінулері, 
меңгерулері қажет, конспект сол тұрғыдан студенттерге көмектеседі. Сондай-
ақ, конспект жазу ‒ аралық бақылау немесе емтихан тапсырудың дайындық 
формасы. Жазылған конспект бойынша сабақта өтілген материалдарды 
қайталау жеңілдейді. Өйткені конспект мазмұны термин сөздер, тірек сөздер, 
негізгі принциптер мен ережелерді, тілдік нормаларды қамтиды. Студент 
конспект бойынша емтиханға, аралық бақылауға дайындалу үстінде оның 
жадындағы ақпараттар актуалдана түседі.
 
Конспект жазу негізінде емтихан материалдарына дайындалу біршама 
жеңілдей түседі. Егер студент конспектіні өзі жазып, берілген ақпараттармен 
танысқан болса, лингвистикалық және ғылыми әдебиеттердегі негізгі 
ақпаратты көмекші материалдардан ажыратып қарай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет