138
тұсау (Б.Момышұлы). Тұсаукесер рәсіміне қаланың зиялы қауымы мен
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, гүл өсіруші әуесқойлар мен
мамандар, мектептің биология пәнінің мұғалімдері мен жоғары оқу
орындарының оқытушылары қатысты. Жас баланың тұсауын кесіп, қадамына
көп болып қуану қазақтан басқа қай халықта бар? Жоғалтқаным толып жатыр,
Тапқаным не, алғаным не. Ұқсап тұрмын жаны гүл, Жайдары бір ұланға.
Толып жатыр мендей ақын, Келе жатқан жаңа гүлдеп. Көзім –қорқақ, қолым
батыр, Өкпем менің бар ма гүлге (Т.Молдағалиев). Сабағынан үзілге
н гүлдей
солып
бара жатқан ой дүниесі бөлініп шығып, ақтық рет өз қиясын шарлап, ең
аяулысымен қимай қоштасады (Т.Ахтанов). Үзілген қызғалдақтай өңі солған,
Қабырғаң көрсең аяп қайысқандай (С.Сейфуллин).
Берілген жағдаят негізінде ауыспалы мағынаның жасалу тәсілін
анықтаңыздар:
аяқ(адам) ‒аяқ (ауыл), құлақ (адам) ‒құлақ(домбыра),сүйек
(адам) ‒сүйек (намыс), гүл (өсімдік) ‒гүл (сұлулық), ит (жануар) ‒ит (адам
мінезі), ақ (түс) ‒ақ (сүт өнімдері), қызыл (түс) ‒қызыл (әскер), серебро
(металл) ‒серебро (посуда), яблоко (плод) ‒яблоко (глазное), рог (коровы) ‒рог
(охотничий), молодой (человек) ‒молодой (задор), круг (окружность) ‒круг
(друзей) ‒круг (спасательный), head (голова) ‒head (нос судна), fork (вилка)
‒fork (вилы), record (запись) ‒record (граммафонная пластинка), foot (ступня,
нога) ‒foot (пехота) ‒foot (подножка, стойка), paper (бумага) ‒paper (газета),
cereal (хлебные злаки) ‒cereal (каша), frame (рама) ‒frame (кадр).
Достарыңызбен бөлісу: