Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Берілген сөздердің ішінен тек номинативті қызметке ие бірліктерді



Pdf көрінісі
бет93/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

Берілген сөздердің ішінен тек номинативті қызметке ие бірліктерді 
теріп жазыңыздар: 
дыбыс, ұйым, дүкен, табиғат, адамгершілік, ғана, тек, 
шалқасынан, етпетінен, кейін, қып-қызыл, қайратты, жалын, тазалау, сүрту, 
ойбай, аһ, уһ, деді, айтты, сөйлеу, он екі, отыз тоғыз, оқулық, мен, оған, бізбен, 
алды, жанында, артынан, мә-мә, моһ-моһ, шөре-шөре, мияулау, тырс, 
тарсылдау, теледидар, Жетіқарақшы, Ақсу, әуп-әуп, әупілдек, Жанар, 
«Мерседес», өйткені, себебі, мейлі, мен, жалғаулық, шылау, септеулік. 
Берілген мәтін негізінде гүл, тұсау сөздерінің иеленетін қосымша 
мағыналарын (түсіндірмелі сөздікті пайдаланыңыз) айқындаңыз: 
Ауыл 
сыртында тұсауымен жайылған бес-алты ат бар (М.Әуезов). Қалың қар аяққа 


138 
тұсау (Б.Момышұлы). Тұсаукесер рәсіміне қаланың зиялы қауымы мен 
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, гүл өсіруші әуесқойлар мен 
мамандар, мектептің биология пәнінің мұғалімдері мен жоғары оқу 
орындарының оқытушылары қатысты. Жас баланың тұсауын кесіп, қадамына 
көп болып қуану қазақтан басқа қай халықта бар? Жоғалтқаным толып жатыр, 
Тапқаным не, алғаным не. Ұқсап тұрмын жаны гүл, Жайдары бір ұланға. 
Толып жатыр мендей ақын, Келе жатқан жаңа гүлдеп. Көзім –қорқақ, қолым 
батыр, Өкпем менің бар ма гүлге (Т.Молдағалиев). Сабағынан үзілге
н гүлдей 
солып
бара жатқан ой дүниесі бөлініп шығып, ақтық рет өз қиясын шарлап, ең 
аяулысымен қимай қоштасады (Т.Ахтанов). Үзілген қызғалдақтай өңі солған, 
Қабырғаң көрсең аяп қайысқандай (С.Сейфуллин). 
Берілген жағдаят негізінде ауыспалы мағынаның жасалу тәсілін 
анықтаңыздар: 
аяқ(адам) ‒аяқ (ауыл), құлақ (адам) ‒құлақ(домбыра),сүйек 
(адам) ‒сүйек (намыс), гүл (өсімдік) ‒гүл (сұлулық), ит (жануар) ‒ит (адам 
мінезі), ақ (түс) ‒ақ (сүт өнімдері), қызыл (түс) ‒қызыл (әскер), серебро 
(металл) ‒серебро (посуда), яблоко (плод) ‒яблоко (глазное), рог (коровы) ‒рог 
(охотничий), молодой (человек) ‒молодой (задор), круг (окружность) ‒круг 
(друзей) ‒круг (спасательный), head (голова) ‒head (нос судна), fork (вилка) 
‒fork (вилы), record (запись) ‒record (граммафонная пластинка), foot (ступня, 
нога) ‒foot (пехота) ‒foot (подножка, стойка), paper (бумага) ‒paper (газета), 
cereal (хлебные злаки) ‒cereal (каша), frame (рама) ‒frame (кадр).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет