Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Адам құқықтарының және адамның негізгі құқығы –



Pdf көрінісі
бет45/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Адам құқықтарының және адамның негізгі құқығы – 
денсаулығын сақтау құқығының жалпыға бірдейлігі
Адам құқықтарының табиғи немесе моральдық концепциясына сай, 
адам болу – адам құқықтарына ие болудың басты және негізгі себебі. 
Халықаралық және жергілікті құқықтық құжаттардың бәрі адамның адам 
болғаны үшін құқығын бекітеді және адам құқығын қорғау парызын 
жүктейді. Адам құқықтарының табиғи концепциясы былай дейді: «Адам 
құқықтары – (а) моральдық құқықтар, оған барлық адам баласы (ә) адам 
болғаны себепті ғана (б) барлық уақытта және барлық жерде ие және (в) 
адам құқықтарының қорғалуы мен дамуы үшін міндеттерге ие тұлғалар 
болса, тиісті жағдайларда (мысалы, отбасы жағдайында немесе жұмыс 
істеу барысында т.б.) құқық қабілеттігіне ие адамдардың барлығы» (Cruft, 
Liao, Renzo, 2015: 1). Заманауи адам құқықтары түсінігінің іргетасы 
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен екі «бауырлас 
конвенция» (1966 жылы қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар 
туралы халықаралық конвенция мен экономикалық, әлеуметтік және 
мәдени құқықтар туралы халықаралық конвенция. Бұл конвенцияларды 
ратификациялаған барлық мемлекет оны сақтауға міндетті) 
негізінде қаланған. Адам құқықтарының жалпыға бірдейлігі абстракт 
философиялық немесе батыс/еуропалық түсінік емес. Адам құқықтары 
қазіргі мемлекеттің жаһандық деңгейде басқарудың әмбебап моделіне 
айналуынан туған, сондай-ақ қазіргі заманғы нарықтық экономикадан 
туған қауіп-қатерлерге адамзаттың жауабы ретінде қабылдану керек.
Адамның қадір-қасиеті – адам құқықтары идеясының құнды тұғыры. 
Адам құқықтары мен адамның қадір-қасиеті ұғымдары бір-бірімен 
тығыз байланысты, оларды бір-бірінсіз түсіну мүмкін емес (Moka-
Mubelo, 2017: 90). Адамның қадір-қасиетін (адамның қадір-қасиетін 
адам құқықтарының іргетасы ретінде негіздеу жөнінде) анықтауға 
байланысты ғалымдар арасында пікірталас бар, алайда әлемдегі алуан 
түрлі доктрина ұстанатын ғалымдар бір мәмілеге келетін негізгі минимал 
тіректі анықтауға болады: «әр адам адам баласы болғаны үшін ғана 
туабітті құндылыққа ие» және «туабітті құндылықты өзгелер мойындап, 
құрметтеу керек» (McCrudden, 2008: 679).
Негізі, адам құқықтарының заманауи ұғымын қайсыбір мәдениетке 
тиесілі болу негізінен гөрі, структуралық негізге ие, яғни қоғамның 
дамуына байланысты құбылыс ретінде қарастыру керек. Ол адамның 
қадір-қасиетіне төнетін түрлі қауіпке төтеп беру үшін бекітілген (Donnelly 
2006, 612). Басқаша айтқанда, адам құқықтарының жалпыға бірдейлігінің 
заманауи анықтамалары «Батыста пайда болғанмен, олардың нақты 
іргетасы заманауи мемлекет пен нарықтық экономика зобалаңына төтеп 
беруден жинақталған тәжірибе нәтижесіндегі моральдық көзқарасқа 
тиесілі» (Afshari 2001, 10). Адам құқықтарының саяси мақсаттарға ерекше 
моральдық өлшем қосатыны маңызды (Tasioulas & Vayena, 2016, p. 367).


113
Адам құқықтарын сақтауды мемлекеттерге ғана жүктемеу керек екені 
көп айтылады. Мысалы, индивидтер отбасы деңгейі, жеке сектор немесе 
бизнесте адам құқықтары қағидаларына сай әрекет етуге тиіс. БҰҰ-ның 
Бизнес саласы мен адам құқықтары туралы жетекші қағидаларында 
корпорацияларға тікелей қолдануға болатын адам құқықтары 
жауапкершілігінің заңды шарттарын қамтамасыз ету қажеттігі баса 
айтылған (The UN).
БҰҰ-ның Экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтары 
комитеті денсаулықты адамның өзге құқықтарын пайдалануына 
қажетті фундаментал құқық ретінде көрсеткен. Дүниежүзілік денсаулық 
сақтау ұйымы (ДСҰ) өз жарғысында денсаулық ұғымының инклюзив 
интерпретациясын қолданған, онда «денсаулық – ауру мен әлсіздіктің 
байқалмауы ғана емес, толыққанды физикалық, ментал және әлеуметтік 
саулық күйі» (Constitution) делінген. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық 
сақтау ұйымы (ДСҰ) денсаулықты сақтауға қатысты құқық – физикалық 
және ментал саулықтың ең жоғары стандартының рахатын көру құқығы 
екенін мойындайды. Соған қарамастан, денсаулықты сақтауға қатысты 
құқықты зерттейтін кей ғалымдар денсаулық ұғымын тар мағынада 
да қарастыруға болатынын айтады. «Адамның стандартты физикалық 
және ментал қабілеттерінің тиімді жұмыс істеп тұруына басты мән беру» 
(Tasioulas & Vayena, 2016: 370).
Адам құқықтарының табиғи немесе моральдық/философиялық 
концепциясының қарастыруынша, адам құқықтары – моральдық 
құқықтар, ал әділет – моральдық парыз. Денсаулық сақтауға қатысты 
құқық, ең алдымен, адам құқығы, ол – әділет бейнесі. Басқаша айтқанда, 
денсаулық сақтауға қатысты құқық – әрі моральдық құқық (себебі ол адам 
құқықтарының жалпыға бірдейлігі ұғымына өзге аспектілердің бәрінен 
гөрі көбірек негізделеді (Tasioulas & Vayena, 2016: 380), әрі моральдық 
парыз. Сондықтан үкімет азаматтардың денсаулық сақтау құқығын 
қорғамаса немесе тым құрығанда осы ретте істеуге тиіс әрекет жасамаса, 
бұл үкімет адам құқықтары мен әділеттің екеуін де аяқасты етіп отыр 
немесе ол моральдық құқықтар мен моральдық парызды бұзып отыр 
деген тұжырымға келуге болады. 
Денсаулық құқығы төңірегіндегі моральдық-этикалық 
пайымдарға қатысы бар басқа маңызды тұжырымдама – ортақ игілік 
ұғымы. «Ортақ игілік» термині «жинақталған қоғамдық пайдасы» 
(қоғамдағы жинақталған игілікті максимумға жеткізуді білдіретін 
утилитарлық ұғым) мағынасында қолданылған жоқ. Дегенмен ортақ игілік 
белгілі бір қоғамдастықтағы баршаның мүддесіне қызмет етеді. Басқаша 
айтсақ, ол жалпыға бірдейлік пен бәсекесіздікті меңзейді. Ол баршаның 
мүддесіне қызмет етеді, бірақ бұлай болу ешкімнің есебінен болмайды 
(Tasioulas & Vayena, 2016: 380). Адам құқығын сақтайтын шарттар ортақ 
игіліктің құрамдас бөлігі болуы мүмкін (Tasioulas & Vayena, 2016: 366). 
Қоғамдық денсаулық сақтау саласын ортақ/халық игілігі деп қабылдауға 
болады.
Ғалымдардың басым бөлігі денсаулық сақтау құқығын жеке құқық 
ретінде қарастырса, Лоуренс Гостин сияқты кей зерттеушілер оны 
«ұжымдық құқық» дейді. Осы көзқарасты ұстанушылар адам құқықтарына 
ғана (соның ішінде денсаулық сақтауға қатысты адам құқығына) сүйенетін 
«ғаламдық денсаулық сақтау» құқығы мен саясат болу керек екенін 
айтады. «Ғаламдық денсаулық сақтау» құқығы нормаларының миссиясы 
– әлемнің түкпір-түкпірінде физикалық және ақыл-ой саулығының 


114
мейлінше жоғары деңгейін сақтауға қажет жағдаймен қамтамасыз 
ету. Осынау құқықтың негізіне адам өмірінің негізгі қажеттігі болып 
саналатын тиімді жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйесі, гигиена мен 
санитария, негізгі вакциналар мен дәрі-дәрмектің қолжетімді болуы 
сияқты қажеттіктер кіруге тиіс. Ғаламдық денсаулық сақтау» құқығы 
нормаларына сай, ұлттық үкімет өз халқының денсаулығына бірінші 
кезекте жауапты және солай болып қала береді (Gostin & Taylor, 2008: 
55). Екінші жағынан алғанда, «ғаламдық ортақ игілік» ұғымы жаһандық 
денсаулық сақтау саясатында аса маңызды, себебі бүгінде «халықаралық 
адам құқықтары доктринасы құрылған, оның бір бөлімі денсаулыққа 
қатысты түрлі адам құқықтары туралы» (Tasioulas & Vayena, 2016: 367).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет