118
жаңалық, сұхбат пен өзге де медиаматериал контексі, жалпы мағынасы
және ондағы сөздердің қолданылу мағынасына үңілу керек. Осылайша
пандемия кезінде қазақстандық БАҚ-та денсаулық сақтау саласының
коммерциялануы мен мемлекеттік функциялардың коммерциялануын
сынайтын мықты дискурс болған-болмағанын зерттеу үшін негізгі зерттеу
әдісі ретінде дискурс талдау таңдалды.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы медиада сананың коммерциялануы және
денсаулық сақтау жүйесінің коммерциялануының қалай жазылғанына
сандық контент-талдау сияқты сандық тұрғыдан зерттеу біршама қиын
болды. Мысалы, 2020 жылдың қазан айының ортасында Google және
Yandex сайттарына денсаулық сақтау саласының жекешелендірілуі мен
коммерциялануы және сананың коммерциялануына қатысты қазақ
тіліндегі нақты сөздер мен тіркестерді енгізгенде нәтиже шыққан жоқ.
Алдын ала жасалған қорытынды бойынша, қазақ тіліндегі медиа,
жалпы алғанда, неолиберал капитализм мен денсаулық сақтау жүйесінің
коммерциялануын сынайтын салмақты материал басқан емес. Жалпы
алғанда, қазақ тілінде неолиберал капитализм туралы санаулы ғана
материал бар (мысалы, Сомжүрек, 2010). 2020 жылдың қазан айының
ортасында Google сайтында «неолиберал капитализм» тіркестерін енгізіп,
іздеу жасағанда, жеті нәтиже ғана шықты. Қалай болғанда да, орыс
тілінде ғылыми және баршаға арналған материал көп, бірақ олардың дені
қазақстандық емес дереккөздерден.
Қазақстандық медианы алдын ала сараптау денсаулық сақтау
секторындағы коммерцияланудың негатив ықпалдары (немесе
неолиберал капитализмнің салдары) туралы ең көрнекі мақалаларды
Vlast.kz, 365info.kz сайттары жариялағанын көрсетті.
Негізінен, денсаулық сақтау құқығын қорғауда адам құқықтары
түсінігіне жүгіну туралы дискурстар Қазақстанда аз. Ал орыс тілінде жеке
жағдайлар туралы санаулы материал жарияланған, мысалы, обыр дертіне
шалдыққан қарағандылық журналист өз денсаулығына қауіп төндіргені
үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» компаниясын
сотқа берген (Журналист, 2020; Муканова, 2020). Жалпы алғанда, кешенді
материал табылған жоқ. Қалай болғанда да, қазақ тілінде азаматтардың
денсаулығын қорғауға қатысты адам құқығы түсінігін көтерген жеке кейс
түріндегі материал да таба алмадық.
Достарыңызбен бөлісу: