14-тапсырма Сұрақ 1: Арқан тартқан кезде шамалары бойынша бірдей, бірақ бағыттары
бойынша қарама-қарсы күштер пайда болады. Неліктен арқанды
көбінесе бір жағына тартып алуға болады?
А. Арқан тартқан кезде адамның Жермен өзара әрекеттесу күшін
(табанның Жер бетімен үйкеліс күшін) ескеру керек. Сондықтан жерді
күштірек қысып басатын, ал бұдан үйкеліс күшін арттыратын адам
арқанды өзіне тартыпалады.
В. Арқан тартқан кезде адамның салмағын ескеру керек. Сондықтан
жерді көп салмағымен қысып басатын жақ арқанды өзіне тартып алады.
С.Арқан тартқан кезде адам санын ескеру керек. Адам саны көп болса
сол жақтың күші басым болғандықтан арқанды өзіне тартып алады.
15 -тапсырма . Электромагниттік толқындар. Адамзат дүниесі гравитациялық өріс, радиоактивті сәулелер және
электромагниттік сәулелер мұхитында өмір сүріп келеді. Әлемдік
өркениеттің дамуы әр түрлі электр құралдарын, электрондық
жабдықтарды кеңінен дүниеге әкелуде. Жоғары және аса жоғары
кернеудегі электр жеткізу ауа желілері, радиохабар, теледидар,
радиорелелік және серіктік байланыстар, радиолокациялық және
навигациялық
жүйелер,
лазерлік
маяктар,
Wi-Fi,
тұрмыстық
микротолқындық
пештер,
мониторлар
және
т.б.
жасанды
электромагниттік өріс көздері табиғи электромагниттік фонға елеулі
ықпал етуде. Бұл адамдардың қызметі мен күнделікті тіршілігіне
қолайлы жағдайлар туғызады, алайда олардың денсаулығына байқатпай
зиян келтірмек.
Сұрақ 1. Ауа желілері арқылы электрді тасымалдағанда электромагниттік
өрістер адамдар мен басқа тіршілік иелеріне қалай әсер етеді?
________________________________________________________________
_________________________________________________