Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы «Физикадан pisa тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет20/43
Дата27.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#110792
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
Физикадан PISA тапсырмалар жинағы

Сұрақ1
:
Иіс шығарғыш қоңыздар
Қоңыздар мен жәндіктердің шығаратын иістерінің ауада таралу құбылыстарын
түсіндіріп,мысал келтіріңіз.
Бұл иістердің таралуы диффузия нәтижесінде жүзеге асады.Диффузия – бір зат 


молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы. 
Газдардағы диффузия құбылысы өте жылдам жүреді. Мысалы: әтірдің иісі. 
Сұрақ 2

Иіс шығарғыш қоңыздар
Иістің өте тез таралуын «атомдар» және «молекулалар» сөздерін қолданып 
түсіндіріңіз. 
Газдардың негізгі қасиеті көлемін де, пішінін де сақтамау. Газдардың 
атомдары бір бірінен өте алшақ орналасқан және өте шапшаң қозғалады. 
Атомдар мен молекулалардың ретсіз қозғалысының салдарынан иіс өте тез 
таралады. 
33-Тапсырма. Ыстыққа төзімді жануар
Түйенің екі аптадай су ішпеуі мүмкін екендігі белгілі. Бұл оның суды үнемді 
пайдалатындығымен түсіндіріледі. Түйе 40º-тық ыстықта да терлемейді. 
Қырқылған түйенің терлеуі 50%-ке дейін ұлғаяды. Түйе ешқашан, тіпті аптап 
ыстықта да аузын ашпайды. Оның демалу жиілігі өте төмен –минутына 8 рет. 
Түйе өз өркештерінен керегіне қарай су ала алады (100 г майдан 107 г су). 
Сұрақ 1

Ыстыққа төзімді жануар 
Булану процесі кезінде денеде қандай өзгеріс болады? 
A. Дене қызады 
B. Дене салқындайды 
C. Дененің көлемі артады 
D .Дененің ішкі энергиясы артады 
 
 
Сұрақ 2

Ыстыққа төзімді жануар 
Түйенің ыстыққа төзімділігінің себебі неде? 
Төмендегі пайымдаулар дұрыс па? 
Иә немесе Жоқ 
Оның денесі қалың және тығыз жүнмен жабылған. Жүн 
оны қызудан құтқарады, ылғалдың шығуына бөгет 
жасайды 
Иә/ Жоқ 
Түйе өз өркешінен керегіне қарай су ала алады 
Иә /Жоқ 
Түйенің салмағы көп болғандықтан ыстыққа төзімді 
келеді 
Иә / Жоқ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет