Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы «Физикадан pisa тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет34/43
Дата27.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#110792
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Байланысты:
Физикадан PISA тапсырмалар жинағы

 
55-тапсырма

Қысқа толқынды пештің «құпиясы» 
Жұмыртқаны суға пісірген кезде нәруыздың табиғисыздануы жүреді. Суда 
еритін түссіз ақуыз жоғары температураның әсерінен ерімейтін, түсі бар, 
тығыз затқа айналады. Ал жұмыртқаны суда пісіру мен қысқа толқынды 
пеште әзірлеудің қандай айырмашылығы бар? Бағандарды сәйкестендіріңіз



43 
А. Жұмыртқаны суда пісіргенде 
В. Жұмыртқаны қысқа толқынды пеште әзірлегенде температура

1. Жұмыртқаның ішіндегі су сұйық күйінде болып, біртіндеп ақуыз 
денатурацияланады. 
2. Температура 100°C-тен асып кетуі мүмкін. Денатурация процесі 
аяқталмай жатып су қайнап кетуі мүмкін. Жылытқанда жұмыртқа ішіндегі 
газдың көлемі сұйықтық пен қатты денеге қарағанда айтарлықтай ұлғайып, 
су буының қысымы кенеттен жоғарылайды, мұның нәтижесінде қабыққа 
сыймай атылып кетуі мүмкін. 
3. Жұмыртқа ішіндегі температура сырттағы, яғни қабық температурасынан 
төмен болады. 
4. Қабықтың ішкі температурасы сырттағыдан гөрі жоғары болады. 
Жауабы: 
А – 1 мен 3. В – 2 мен 4 
56-тапсырма.Жер асты суларын жер бетіне шығару және жер 
сілкіністері 
Жартас қыртысы - жердің ең жоғарғы қабаты. Қыртыс ішінара балқитын 
жыныс қабаттары бойынша жүретін тектоникалық тақталарға бөлінген. 
Тілімдер жарықтар деп аталатын жарылған жерлерден тұрады. Жарықтың 
бойында жиналған қысым босап шыққан кезде, жер сілкінісі болады, оның 
нәтижесінде қыртыстың бөлшектері араласып кетеді. Жарықты бойлай 
қозғалу мысалы төменде көрсетілген. 
Жарық жағдайында табиғи себептермен қысым пайда болады. 
Неліктен?
 
Жауабы: 
Жердің мантия қабатындағы еріген заттар жоғары температурада 
болғандықтан, қысымның жоғарлауына әкеледі. Сондықтан жоғары 
қысымдағы сұйықтық жарық аймақтарда сыртқа
шығады (магма-лава), сол 
жарық аймақтарда жоғары қысым пайда болады. Біртіндеп сыртқа шыққан 
сұйықтық топырақпен немесе тау жыныстарымен араласып, қысымның 
біртіндеп тоқтауына себеп болады.
 

Тектоникалық тақталардың қозғалысы қысымның жиналуына әкеледі. 

Әртүрлі бағытта қозғалатын тау жынысы не топырақ жарық кезінде үйкелу 
есебінен тоқтайды



44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет