383
Қажылық
істеген жақсылығына, күнәларының кешірілуіне себеп
болар деген үлкен үмітпен қарайды.
Шыр айналып, зар илеп, күнәларына кешірім тілеген
осы бір шынайы құлға Аллаһ Тағала қажылықты парыз
етті. Өйткені бұл парызда ғұмыр бойы іздеген асыл ар-
манын таппақ. Ол – күнәсінан жаңа туған сәбидей арылу,
тазару.
Пайғамбарымыздың басқа бір хадисінде Аллаһ
құзырында қабыл етілген қажылықтың қарымы – жәннат
екенін айтқан:
ٌءاَز َج ُهَل َسْيَل ُروُرْبَمْلا َّج َحْلاَو اَمُهَنْيَب اَمِل ٌةَراَّفَك ِةَرْمُعْلا يَلإ ُةَرْمُعْلأ{
}َةَّن َجْلا َّلاإ
Мағынасы:
«Бір умра екінші умраға дейінгі аралықта
жасалатын күнәларға кәффарат, ал, қабыл болған
қажылықтың сауабы – тек қана жәннат».
1. Исламият туып,
құлаш жайған бұл қасиетті
топыраққа бару Пайғамбарымыздың (с.а.у.) және
атақты сахабалардың қаһармандықтарымен танысты-
рып, жүрегімізге жаңару, Ислами өмірімізге үлкен серпін
әкеледі. Мыңдаған қасиетті естеліктердің қазынасы
және Аллаһтың сүйікті Елшісінің (с.а.у.)
исі сіңген
топырақтың әрбір бұрышында теңдесі жоқ әлемнің нұрлы
сыры жатыр. Пайғамбарымыз шыққан ол топырақта өлі
жүректер тіріліп, мұсылмандар жап-жаңа жан рақаты
мен қуанышына кенеледі.
2. Қажылық кезінде адамдардың ағылып әр құрлықтан
келуі психологиялық тұрғыдан адамның дүниетанымын
кеңейтіп, оның тағы бір беймәлім қырын аша түседі. Осы
наным-сенімді ұстанып, соның үкімін атқарып жүрген
жалғыз мен емес екенмін деген ой-пікір қалыптасады.